Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

18 Қыркүйек 2015 KMF-тің Шығыс Қазақстан филиалындағы Ашық есік күндері

15 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан филиалында жыл сайынғы ашық есік күндері дәстүрлі түрде өткізілді. Ашық есік күндері - клиенттерімізге біздің жаңа жетістіктерімізді, соңғы жаңалықтарымыз бен біздің компанияда кредиттендірудің қосымша мүмкіндіктері жайлы ерекше мүмкіндік болып табылады. Оған қоса бұл шара біз үшін және біздің клиенттеріміздің жетістіктері мен бастамалары жайлы кері байланыс алуға бағытталған ерекше мүмкіндік болып табылады.

Ашық есік күндері филиал директоры Федорова Людмила Юрьевнаның құттықтау сөзімен ашылды, ол компания туралы таныстырылым жүргізіп, біздің соңғы жаңалықтарымыз жайлы баяндады.

Бұдан әрі ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылғалы отырған «Бизнесті басқарудағы қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы» атты жаңа жобаның толық таныстырылымын өткізді.

Қашанда аталмыш шараларда клиенттер белсенділік танытып жатты. Атап атсақ, бас бухгалтер Золотаева Ирина Ивановна «Нөмірлер бойынша суретті бояу» шеберлік-класын өткізген кезде клиенттер орындарында отыра алмай өздері суретті бояуға кірісіп кетті.

Ашық есік күндерінің негізгі мақсаты - біздің қызметтеріміздің осал тұстары мен жалпы жұмыстың бағытын жақсарту бойынша клиенттердің пікірлерін тыңдауға мүмкіндік беру. Шара шеңберінде «Пірікірлер жәрмеңкесі» өткізілді, содан кейін біз шеберлік кластарын өткізуге ауыстық.

Шара соңында компания клиенттеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Клиенттер өз кезегінде аталмыш шараны өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Клиенттердің ризашылық сөздері:

Кириченко Андрей Васильевич – ТЖО-да қызмет көрсетумен айналысады: «Мен түрлі банктер мен кредит беру қорларынан кредит алған болатынмын, бірақ кредит алу кезінде құжаттарды рәсімдеу (құжаттар топтамасы, өтінімді қарау мерзімі мен қаржылық есептілік) барысында кейбір қиындықтар орын алған болатын. Ал KMF-те ондай қиындықтар туындаған жоқ - өтінімді қарау мерзімі, шарттардың айқындылығы және қызмет көрсету деңгейінің жоғарылығы. Сіздерге көп рахмет! Мен KMF-тен кредит алғаныма қуаныштымын және сіздердің компанияларыңызды міндетті түрде өз достарыммен туыстарыма ұсынатын боламын!»

Ордашы Қабдыраш - мал басын көбейтіп, бордақылаумен айналысады: «Бүгінгі күн есімізде ұзаққа қалады. Мен ШҚО-на Қытай Халық Республикасынан көшіп келгенмін. Сіздердің арқаларыңызда көп жетістікке жеттім. Шаруашылығым алға басты, үлкен табысқа кенелдім. Басты айта кететін жайт, маған сіздердің әр бір клиентке деген жоғары сападағы қарым қатынастарыңыз бен қызмет көрсетулеріңіз ұнайды. Сіздерден қаржылай қолдау алу мүмкіндігіне ие болғаным үшін ризамын!»


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success