Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

3 Қыркүйек 2015 Ашық есік күндері: Ақтөбе мен Семей қаласындағы филиалдар өз клиенттерін шақырады

Жаз мезгілінің соңында Ақтөбе мен Семей қалаларындағы компания филиалдарында Ашық есік күндері болып өтті. Жылдан жылға KMF филиалдары өткізген Ашық есік күндеріне компанияның бейілді клиенттері болып табылатын қонақтар көптеп жиналатын болды. Жыл өткен сайын Ашық есік күндері екі тарапқа да қызықты әрі танымды бола түсуде.

Биыл Семей филиалында өткізіліп отырған Ашық есік күндері аталмыш филиалдың бесжылдығымен тұспа-тұс келіп отырғандығы да жақсы нышан болып табылады. Филиал тарихындағы алғашқы мерейлі мерейтойға тұрғындардың компанияға білдірген сенімі, қызметкерлердің кәсіби табысы және кредиттік қоржынының жоғары өсу қарқынымен жеткені филиалдың табыстылығының көрсеткіші болып табылады.

Тамыз айының 27 жұлдызында Ақтөбе филиалында да Ашық есік күні болып өтті. Шараға 50 бейілді клиент шақырылды. Шара барысында компания жетістіктері мен көрсеткіштері бойынша ақпарат беріліп, кредиттеу шарттары бойынша кері байланыс орнатылды. Оған қоса, келген клиенттерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, бизнес білім беру бағдарламасы бойынша тегін сабақ өткізілді. Шара соңында мерекелік дастарқан жайылып, барлық қонақтар өздерінің тілек-пікірлерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success