Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

26 Наурыз 2014 Әр отбасыға қаржылық сауаттылық!

«KMF» Шағын несиелік ұйымы 2013 жылдың желтоқсан айынан «ҚР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ» Әлеуметтік жобасы шеңберіндегі шараларды өткізуді жалғастыруда.

Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесі, 45 Г үйінде орналасқан Компания филиалында кезекті түрде Қаржылық сауаттылық күні 27 наурызда саған 11.00 өтеді.

Бүгінгі күні білімін арттырамын деушілер саны артуда. Қазақстан бойынша 5000-ға жуық ұйым клиенттері толық білім беру курсынан өтті.

– Маған курс, отбасы бюджетімді жоспарлауға үлкен септігін тигізді, Бір ай өткеннен кейін бұрын ақшаны қалай жұмсағандығыммен білім алғаннан кейінгі, яғни қазіргі жағдайдың айырмашылығы айтарлықтай, - дейді Қапшағай қаласының тұрғыны Раушан Жұрынова.

Жобаның тиімділігін Астана қаласының жеке кәсіпкері Бауржан Ерубаев та атап өтті:

Қаржылық сауатты болу қай кездеде өзекті болып табылады. Сол себепті мен барлық сабақ бағдарламасын зейін қойып тыңдап шықтым. KMF өмірдегі кейбір қарапайым, бірақ маңызды сәттерге көзімді аштым. Мен жақын арадағы жоспарларымды алған білімімнің нәтижесінде қайта қарап шықтым.

2014 жылы республикамыздың әр аймағында 10 000-нан аса тегін семинарлар, кәсіпке жаңадан бет алушылар мен жоғарғы оқу орындарының студенттерімен 100 аса кездесулер ұйымдастырылуы жоспарлануда.

KMF сәуір айынан бастап, аталған жоба бойынша барлық 10 сабақтарға арналған қысқа көлемді мультипликациялық фильмдер өндірісіне кіріседі. Болашақта мультфильмдер ғаламторға орналастырылып, баршаға қол жетімді болады.

Жобаның мақсаты: қаржылық сауаттылық арқылы төмен табысты отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және оқыту сабақтарына тегін қатысу мүмкіндігін бере отырып, қаржылық мүмкіншілігі туралы білімін кеңейту болып табылады.

Жоба бойынша толық ақпаратты Компанияның ресми сайтындағы Қаржылық сауаттылық бөлімінен алуға болады: www.kmf.kz:

Қызығушылық танытқан тұлғаларды серіктестікке шақырамыз.

Байланыс тұлғасы: Евгения Пигуль
«KMF» ШНҰ жетекші PR маманы
Тел.: 8 777 356 9995
E-mail: evgenia.pigul@kmf.kz


«KMF» туралы қысқаша:

Микрокредитная Организация «KMF» на рынке с 1997 года.

KMF шағын несиелік ұйымы 1997 жылдан бері нарықта.

KMF өзінің 16 жылғы қызметі барысында Орталық Азиядағы шағын қаржыландыру саласының көшбасшысына айналды. Бүгінгі күні «КМF» МКҰ 100 000-нан аса тұтынушысы бар Қазақстандағы ең ірі шағын несиелендіру ұйымы болып табылады және өзінің тарихында жалпы сомасы 155 миллиард теңгені құрайтын 775 мың несие беріп үлгерді KMF-тың Қазақстандағы ірі қалаларда 16 филиалдан және шағын қалалар мен ауылдарда 70-тен астам бөлімшеден тұратын кеңейтілген аймақтық желілері бар. Жалпы алғанда, осы бөлімшелерден 3500-ге жуық шалғайдағы елді мекен тұрғындары шағын қаржыландыру қызметіне қол жеткізіп отыр.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success