Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

19 Маусым 2014 Әр бала бақытты балалық шаққа құқылы!

Балалар мен қарттарға көрсетілетін көмек KMF компаниясының қызметкерлерін ерекше құндылықтарға жетелейтіндей, игі істерің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болса игі, себебі балалар сіздің қамқорлығыңыз, махаббатыңыз бен қолдауыңызды қажет етеді. Балалар күлкісі өмірге қуаныш пен жылылық сыйлайтындықтан, өмірдің өзекті өксітер жағдайына түскен балаларға, сәл де болса қуаныш сыйлау мақсатында, мүмкіндігінше қолдау жүргізіп тұру, адами парызымыз.

Балаларды қорғау күніне орай, филиалдардың қызметкерлері балалардың арнайы мамандандырылған мекемелеріндегі шараларды ұйымдастыруға демеушілік жасады. Мерекеге аниматорлар түрлі жанрдағы әртістер шақырылып, сабын көбіктері шоуы көрсетілді.

Сондай-ақ, қуыршақ көрсетілімдері мен спорттық жарыстар өткізілді. Филиалдар аз қамтылған отбасылардың балаларына: дамыту ойындары, концеляриялық тауарлар, ойыншықтар, киім-кешек т.б. табыс етті.

Балалардың күнделікті өміріне қолайлылық жағдайын туғызу үшін қанық түсті перделер және үй жылылығын сездіретін түрлі заттар сыйға берілді.

Ал, балалардың денсаулығын жақсарту үшін және спорттық ойын түрін түрлендіру үшін, футбол формаларын, велосипедтер, скейтбордтар, волейбол, баскетбол футбол ойындарына арналған арнайы доп түрлері, теннис ойнайтын ракеткалар, дартс және т.б. табыс етілді. Жас дарындарға қолдау көрсету мақсатында Қызылорда қаласының ата-анасыз қалған балаларына концерттік киім тіктірілді және Астана қаласында 2014 жылдың 2 маусымында өткен «Таңшолпан» Республикалық балалар байқауының жол шығындарына демеушілік жасалды.

Балалар күнінде айтылған тілектер әр қашан жылы, әрі ізгі, себебі балалар күлкісі мен олардың күлімдеген көздері – біздің басты байлығымыз болып табылады. 1 маусым мерекесі бақытты балалық шаққа әр бала құқылы екендігін еске түсіреді!

Біреудің өмірін жақсарту үшін, шын мәнінде әр қайсымыздан аз ғана әрекет керек екенін ұмытпау қажеттігі - бастысы күнделікті күйбең тірлікте бейжайлық танытпасақ болғаны, себебі балалардың көбісі сіз үшін қарапайым болып көрінетін нәрсеге мұқтаж.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success