Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

18 Ақпан 2014 Алматыда KMF жаңа бөлімшесі ашылды

2014 жылдың 17 ақпанында серкітестер мен жаңа клиенттердің қатысуымен салтанатты түрде KMF жаңа бөлімшесі ашылды. Мекенжайы: Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан «Рәш» СҮ, 1-қабат.

Дәстүрге сай, аталған бөлімшенің жаңа клиенттерін жоғары қызмет көрсету деңгейінде жылы қарсы алып, ашылу құрметіне корпоративті сыйлықтар табыстады. Өз кәсібін кеңейту үшін, бірден 16 адам шағын несие алуға шешім қабылдап, жалпы сомасы 5 миллион теңгені құрайтын қарыз рәсімделді.

KMF жаңа бөлімшесінің жұмыс орныма жақын жерден ашылғанына өте қуаныштымын. Сіздердің ұйымдарыңыз туралы жақсы жағынан хабардармын, өзім де сенімді қаржы әріптесін іздеп жүр едім, жұмыс істесіп кетеміз деген сенімдемін!, -деп түйіндеді қонақ, Әлия Майлыбаева.

Компанияның жаңа клиенттері мен қонақтары байқап үлгергендей, көпшілігіне бөлімшенің орналасқан жері өте ыңғайлы, «Рәш» сауда үйі Сауда орталықтары мен ірі базарларға жақын жерде орналасқан: «Сарыарқа», «Тигрохауд», «Арыстан» базарлары, «Ақсай» СҮ, «Мамыр» СҮ, «Дукат» СҮ және т.б. Осылайша, бөлімшенің аталған аймақта кәсібін жүргізіп отырған барлық кәсіпкерлерге кеңес беру және қызмет көрсету мүмкіндігі бар.

Ескерте кетейік, Компанияның Алматы қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету жөніндегі кеңселері келесі мекенжайда орналасқан:

Розыбакиев көшесі, 45 Г , тел.: 8(727)-374-20-53,
Қалдаяқов көшесі, 30, тел.: 8(727)-266-83-51, 382-46-45,
Майлин көшесі, 210. тел.: 8(727)-251-31-25.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success