Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

24 Шiлде 2017 Алматыда клиент күні
Алматыда Клиент күніі KMF компаниясы бейілді клиенттерді арнайы шақырып, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, компания жаңалықтарымен бөлісті.

Алматыдағы филиалға үстіміздегі жылы 15 жыл толды және дәл осы филиалда компанияның миллионшы кредиті берілді.  Филиалдағы белсенді клиенттердің 74% Алматы қаласынан тыс ауылды жерлерде тұрады. Филиал клиенттермен бірге өсіп келеді (биылғы жылы кредиттік қоржын 10 млрд. теңгеден асып түсті), мысалы, Шелек ауылындағы бөлімше жаңа әрі кең кеңсеге көшті.

KMF-тің ізгі дәстүріне айналған шараға бұрыннан кредит алып жүрген және бизнестерін дөңгелетіп отырған 41 шақты клиент шақырылды.

Клиенттеріміз үшін тұрмыстық техниканың ұтысы, пайдалы семинарлардың таныстырылымы өткізілді. Шара соңында өткізілген бизнес жәрмеңке әр кәсіпкерге өзінің өнімдерін таныстыруға мүмкіндік берді.

Ал шараның ең маңызды бөлігі дәстүрлі түрде өткізілетін пікірлер жәрмеңкесі болды: клиенттер ұжымдық талқылаудан кейін қызмет көрсету сапасын жақсартуға, инновацияларды ендіруге бағытталған кез келген ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Барлық ұсыныстар тыңдалып, басшылық қарауына жіберілді.

Былтырғы жылы өткен Клиент күнінің қорытындысы бойынша 4 ұсыныс келіп түскен болатын, соның үшеуі осы жылы нақты жүзеге асып отыр.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success