Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

10 Желтоқсан 2013 6 желтоқсанда «KMF» МКҰ Қазақстанның ОҚО Іскер әйелдер қауымдастығының және Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен ұйымдастырған «Әйел және бизнес» VII аймақтық конференциясы өтті

6 желтоқсанда «KMF» МКҰ Қазақстанның ОҚО Іскер әйелдер қауымдастығының және Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен ұйымдастырған «Әйел және бизнес» VII аймақтық конференциясы өтті.

«Мүмкіндіктер кеңістігі немесе бизнестің Әлеуметтік жауапкершілігі» — Оңтүстік Қазақстан облысының өз бизнесі арқылы да, сондай-ақ қоғамдық қызметі арқылы да өздерін белсенді түрде көрсетіп жүрген әйелдеріне арналған Шымкенттегі «Әйел және бизнес: әлеуметтік әріптестік» VII аймақтық конференциясы осындай ұранмен өтті. Конференция әйелдердің кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мен дамытудың мақсатында өткізіліп отыр, ол әйел адамның әлеуетін дамытуға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуге елеулі түрде ықпал етеді — өйткені бақытты және табысты әйелдің маңайында бақытты қоғам құрылады. Және, бастапқы кезде әрдайым қолайлы бола бермейтініне қарамастан, әйелдер табысқа жетуге қабілетті және өздерін бизнестегі бәсекеге қабілетті басшылар ретінде көрсетуде.

Күлсара Сапарбекова, «KMF» МКҰ Шымкент қ-ғы филиалының директоры:

VII конференцияның тақырыбы – әлеуметтік әріптестік кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы жылы компания халықаралық рейтингілік агенттіктің клиентті қорғаудың қағидалары бойынша сертификаттаудан өтеді. KMF Қазақстандағы осы сертификаттауды өзінде өткізуге бастама көтерген алғашқы микрокредиттік ұйым болды. Бұдан өзге 1 желтоқсаннан бастап ұйым «Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру» жобасын іске қосты – сондықтан бұл тақырып қазірде танымал болған. Тіпті әр түрлі деңгейдегі әріптестермен қарым-қатынас жасаған кезде, бүгінгі күнде өзінің қоғамның алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі туралы ұғымды барлығы бірдей толық сезіне бермейтінін түсінесің. Көптеген адамдар бұны қайырымдылық шарасы, әлдебір бір реттік болып өтетін акция ретінде қабылдайды, сондықтан біз осы тақырыпты тереңірек ашып, алдағы уақытта адамдар өз ісінде пайдалана алуы үшін қандай да бір негізгі бағыттарды көрсету туралы шешім қабылдадық.

«Әйел және бизнес» конференциясының бірегейлігі бірінші кезекте, әр төрағаның сөйлеген сөзі немесе бағдарламаның шеңберінде өткізілетін шеберлік-сыныбы белгілі бір білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталуында, оларды осы шараға қатысушы әрбір әйел алдағы уақытта өз бизнесінде қолдана алады.

Оралгүл Жұмабаева, конференцияның қатысушысы, «KMF» МКҰ клиенті, Талдықорған қ.:

KMF-те ол ашылған кезінен бері кредит алып келе жатырмын, 16 жылдан бері біргеміз. Бизнесімнің қалыптасуының бастапқы кезеңіндегі компанияның кредиттік сарапшыларының тарабынан алған қаржы кеңестерінің арқасында – мен өз бизнесімді дұрыс құра алдым. Бұл конференцияға шақыртуды қуана қабылдадым. Және, өзімнің кәсіпкерлік бай тәжірибеме қарамастан, көптеген жаңа және өзім үшін пайдалы нәрселерді білдім.

Құралай Бекенова, Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы, ОҚО:

Егер бұрын бизнес қол жетпейтін қашықтықта болса, мен әйелдердің бизнестегі белсенділігін айтып тұрмын, қазірде әйелдер бұнда да маңызды рөл атқаруда. Бүгінгі күнде бизнесіңді қалай құру керектігі жөніндегі ақпарат біз үшін таңсық емес - өз бизнесімізді жүргізудеміз, көптеген іскер әйелдер бұл бағытта табысқа жеткен, бірақ өз ұжымындағы жұмысын қалай құру керектігі, бұл күнде жұмыс беруші ғана емес, сонымен бірге жұмысшылар мен жалпы қоғамның алдында әлеуметтік тұрғыда жауапты бола білу – бұл жайында көптеген адамдар ой толғауда. Сондықтан бүгінгі конференция, менің ойымша, өте пайдалы және осы бағыттағы негізгі құралдарды қарастыру мен талқылауға арналған кеңейтілген бағдарламаға ие.

Шараның бағдарламасы шынымен де толыққанды болды: қаржыдан тыс есеп беру саласындағы сарапшы, Отбасылық Бизнестің Қауымдастығының басшысы Исакова Яна «ШОБ арналған әлеуметтік маркетингтің құралдары» тақырыбына сөз сөйлеп, "Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру" жобасының тұсаукесері, сондай-ақ «KMF» МКҰ бизнес-жаттықтырушысының және мәскеулік коуч-жаттықтырушы Андрей Галуниннің шеберлік-сыныптары болды. Конференцияның шеңберінде қолданбалы қолөнер шығармашылығының көрме-саудасы, дефиле - жергілікті дизайнердің киізден жасалған киімдерінің көрмесі және дарынды балаларға арналған мектептің тәрбиеленушілерінің шағын концерті болды.

Конференцияға барлығы 100-ден астам адам қатысты, олардың ішінде 34-і «KMF» МКҰ-ның Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Тараз және Алматы қ-ғы клиенттері, сондай-ақ ОҚО әкімінің жанындағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, ОҚО Іскер Әйелдерінің Қауымдастығының, аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері және Шымкент қаласының бизнес ледилері қатысты.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success