Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

17 Қараша 2014 «KMF» МКҰ мен ЕДҚБ АҚШ-тың 5 миллион долларын ауылдағы шағын және орта кәсіпорындарына бере бастады

«KazMicroFinance» МКҰ (KMF) және ЕДҚБ Еуропаның Даму және Қайта құру Банкі Қазақстандағы шағын, кіші және орта бизнес кәсіпорындарын қаржыландыруға қол жетімділікті жақсарту жұмыстарын жалғастыруда.

Қазақстанның шалғай аудандарындағы шағын кәсіпорындар мен фермерлердің несиелерге қолжетімділігін арттыру үшін, екі институт былтыр АҚШ-тың 10 миллион долларына жасасқан несиелік желі келісіміне қосымша АҚШ-тың 5 миллион доллары сомасындағы міндеттемеге қол қойды. Жаңа берешек жергілікті валютада, яғни теңгеде беріледі.

123 000-нан артық адам KMF клиенттері атанды. Ел бойынша 147 миллион АҚШ долларынан астам сомаға несие берілді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі кәсіпкерлердің шағын қаржыландыруға қол жетімділігі өте төмен. ЕДҚБ несиесінің көмегімен клиенттеріміздің өз қызметтерін шалғайдағы ауылдық жерлерде кеңейту және шағын кәсіпкерлер мен агроөнеркәсіптік салада еңбек ететін адамдарға сапалы шағын қаржы қызметтерін ұсыну мүмкіндігін алдық. Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарға АҚШ-тың 16 миллион доллары сомасында несие берілгеніне жеті жыл өткеннен кейін де ЕДҚБ мен KMF арасындағы өнімді серіктестіктің жалғасын тапқандығына қуаныштымыз», - дейді KMF-тің Басқарма Төрағасы, Шалқар Жүсіпов.

«ЕДҚБ бұрыннан келе жатқан серіктесі KMF секілді банк емес институттардың көмегімен ауылдық жерлерге қаржыға қолжетімділікті жақсартуда үлкен рөл атқарады деген сенімдеміз», - дейді Қазақстандағы ЕДҚБ директоры Джанет Хекман.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success