Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

28 Ақпан 2014 Атаулы жетістік – KMF 100 000 клиентін марапаттайды!

2014 жылдың 14 күні Өскемен қаласының тұрғыны 33 жасар ырысты жан - Абдрахманова Жансая, ірі шаған несие ұйымы KMF компаниясының есеп бойынша 9 филиалына шағын несиеге өтінім беріп 100 000-шы клиент атанды.

Ол достарының ұсынысы бойынша KMF-ке алғаш рет осы жылдың 12 ақпанында кеңес алу үшін келіп, аталған айдың 14 күні несие шартына қол қойды. Шағын несиені рәсімдеген сәтте, арнайы жүйе оның 100 000-шы клиент екендігін анықтады. Жансая «Достар Бизнес» топтық несиелендіру өнімінің жаңа қатысушысы болып табылады. Алған несиеге өз кәсібін әрі қарай дамыту үшін пайдалануға ниетті екендігін білдірді.

Өскемен қаласындағы филиалда орын алған атаулы оқиғаға құрметіне орай, марапаттаудың салтанатты рәсімінде Жансаяға «KMF» Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Рауза Ибрагимова 100 000 теңгеге сыйлық сертификатын табыстап, ізгі құттықтауларын жолдады. Аталған шараға Өскемен қаласы филиалының және Шығыс Қазақстанда орналасқан Шемонаиха мен Риддер қалаларындағы бөлімшелердің барлық қызметкерлері, компанияның құрметті қонақтары мен әріптестері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

KMF-тегі атаулы оқиға қуанарлықтай, себебі өзінің отандық нарықтағы 16 жылғы қызметі барысында Қазақстанның шағын және орта бизнес дамуының қозғаушы күш болып табылды. Өзінің тарихында жеке кәсіпкерлікті дамыту мен тұтынушылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін жалпы сомасы 155 миллиард теңгені құрайтын 770 мың несие беріп үлгерді. КМF несиелік өнімнің кең түрін ұсынады: кепілді, кепілсіз және сауда, өндіріс, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында жеке кәсібін дамытуға арналған топтық несиелері. 2014 жылдан бері жоғарғы несие сомасы 14 миллион теңгеге өсті.

KMF Нәтижелі қызметі үшін АҚШ-тың әлемдегі халықаралық даму жөніндегі (USAID) Агенттігінің қаржылық жобаларының ішіндегі 15 үздіктерінің қатарына енді. Forbes журналының бағалауы бойынша, KMF әлемдегі 50 үздік шағын несие ұйымының (ШНҰ) тізімінен 37 орынға ие болды. MixMarket тұжырымдамасы KMF-тің әлемдік ШНҰ арасында тәуекел деңгейінің төмендігі жағынан үздік үштікке еніп отырғанын көрсетеді.

Бүгінгі күні Қазақстанның әр өңірінде 16 филиал мен 72 бөлімше табысты қызмет етеді. Жалпы алғанда, осы бөлімшелердің барлығы 3000-нан астам шалғайдағы елді мекен тұрғындарының шағын қаржыландыруға қол жеткізулеріне мүмкіндік береді.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success