Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

4 Мамыр 2013 Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытуға $10 миллионды ұсынады

«Kazakhstan Today» АА, Астана қ., 23.05.2013ж.

Қазақстанның алыс аудандарында орналасқан ұсақ кәсіпкерлер мен фермерлердің кредиттерге қол жетімділігін кеңейтудің мақсатымен, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі KazMicroFinance-ге (KMF) ұлттық валютада $10 млн. балама соманы кредитке ұсынады.

ЕҚДБ ның пікірі бойынша, нашар дамыған аймақтардың тұрғын халқына мүмкіндіктерді ұсыну экономиканың кінәратсыз дамуының шешуші шарты болып табылады.
KMF 80 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеді, елдің көптеген аймақтарында $87 млн. астам сомаға кредит бөлді, деп атап көрсетілген баспасөз қызметінде.
"Ұсақ, шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) кәсіпкерліктің рухының қолдаушылары болып табылады. Біз ШОК-қа жан-жақты қолдау көрсетеміз және Қазақстанда ауылдық жерлердегі кредиттерге қол жетімділік ЕҚДБ-ның бұрыннан келе жатқан әріптесі болып табылатын KMF компаниясы сияқты банктік емес ұйымдардың көмегімен жақсара алады деп санаймыз, – деді ЕҚДБ президенті сэр Сума Чакрабарти, Алматыдағы келісімге қол қойған кезінде.

"Қазіргі кезде Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі кәсіпкерлер кәсіпорындарына қолдау көрсету және дамыту үшін қаржыландыруға жеткілікті түрде қол жеткізе алмай отыр. ЕҚДБ кредитінің арқасында біз қазіргі және әлеуетті клиенттердің үмітін ақтап: алыс аудандардағы операцияларды кеңейте және ауыл шаруашылығының өндірісімен және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарға шағын қаржыландыру жөніндегі жоғары сапалы қызметтерді ұсына аламыз. Біз, ЕҚДБ мен KMF арасындағы жеті жылдық табысты әріптестік жалғаса беретінін мақтан тұтамыз және бұған осы кредиттік келісімге қол қоюмыз дәлел болады», – деп мәлімдеді KMF басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Оның айтуы бойынша, бұл кредиттік келісім ЕҚДБ мен KMF арасындағы сенімділіктің жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

Банктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ЕҚДБ ШОК-қа қолдау көрсетуді өзінің елдегі басымдыққа ие міндеттерінің бірі деп санайды. Банк сондай-ақ соңғы он жылдықтың ішінде ЕҚДБ-ның Іскерлік кеңес беру қызметтері бағдарламасының (БАС/ПМБ) шеңберінде 1000-нан астам компаниямен әріптестік жасап, оларға экономикалық негізделген бизнес-жоспарларын жасауға, іс қағаздарын дұрыс жүргізуге және сенімді ақпараттық жүйелерді пайдалануға, экспорттық операцияларды дайындауға көмектесті. Осы жылы Қазақстанның Үкіметі алғаш рет ЕҚДБ-ның елдегі шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі бағдарламасының қызметін бірлескен қаржыландыруды жүзеге асырады.


?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success