Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

3 Наурыз 2017 ІХ аймақтық «Әйел және бизнес» конференциясы. «Әйел және бизнес»: Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына жаңа ықпалдар
2017 жылдың 3 наурызында Алматы қаласында Қазақстанда өз бизнесін ұйымдастыру және дамыту барысында орын алған проблемаларды талқылау және шешу жолын айқындауға бағытталған «Әйел және бизнес» конференциясы өтеді. Ұйымдастырушылары KMF Микроқаржылық ұйымы мен «KMF-Демеу» Корпоративтік қоры.

Конференцияның басты міндеті - сарапшылар мен бизнес-тренерлердің көмегімен кәсіпкер-әйелдерге заманауи әдістемелерге және өз кәсібін дамытуға бағытталған бизнес-әдістемелерді қол жетімді ету. Конференция тек бизнесте өз орындарын ойып алған бизнес-бикелерге ғана емес, шағын кәсіпкерлерге, бизнеске енді қадам басқан, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған әйелдерге де бағытталған.

Биылғы жылы шараға аймақтық деңгейі берілді. Конференцияға Қазақстанның әр аймағынан келген 150 астам кәсіпкер әйелдер қатысады.

«KMF клиенттерінің 65% жуығы әйелдер. Біздің басты міндетіміз әсіресе ауылдық жерлерде, қол жетімді қаржымен қамтамасыз етіп қана қоймай, бала-шағасын асырап, өз кәсібін тиімді және артық шығынсыз қалай бастау керектігі жайлы кеңес беріп, нарықтық өмірге икемделуге көмектесу. Сол себепті компаниямыз құрылғалы бері, яғни жиырма жылдан бері кәсіпкер әйелдерді оқыту, олардың дағдылары мен құзыреттігін дамыту бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді», деп атап өтті KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Шарада Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) спикерлері ШОБ секторындағы әйелдерді қорғау бағдарламасы мен, Франкфурт Қаржы және Менеджмент мектебінің өкілі бизнесті өзін-өзі диагностикалау құралын таныстырады. Сонымен қатар салалық сарапшылар делегаттарды өз кәсібін дамыту құралы ретіндегі франчайзингпен, интернет-жылжыту механизмдерімен және заманауи бизнестің құрамдас бөлігі болып табылатын digital-маркетингпен таныстырады.

«Бизнестегі арулар» бағдарламасын KMF МҚҰ бірлесе жүзеге асыру барлық аймақты қамтуға мүмкіндік береді. «Бизнестегі арулар» бағдарламасының басты мақсаты - әйелдер басқарған кәсіпорындарға кешенді көмек көрсету. Бағдарлама іске қосылғалы бері 6000 жуық кредит беріліп, 75 консалтингтік жоба іске қосылды, 200 жуық бизнес-бикелер арнайы оқудан өтті. 16 ақпан күні біз тәлімгерлік бағдарламасы іске қостық, бағдарлама шеңберінде тәжірибелі тәлімгерлер тоғыз ай көлемінде кәсіпкер болғысы келетін әйел азаматшалармен жұмыс жүргізетін болады. Біз байқау жариялап, 28 кәсіпкер-әйелді таңдап алдық. Аталмыш шаралардың барлығы ҚР Үкіметінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда», – деп атап өтті ЕҚДБ шағын бизнесті қаржыландыру және дамыту жөніндегі бағдарламаның Қазақстан бойынша менеджері Алма Қасымова.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success