«KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

03.09.2024
«KMF (ҚМФ)» МҚҰ» акционерлік қоғамы 2024 жылғы 26 тамызда өткен бетпе-бет отырыста Директорлар кеңесінің жаңа құрамының сайланғаны туралы хабарлайды. Директорлар кеңесінің жаңа құрамының жұмысы нарықтың ағымдағы үрдістерін және «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, компанияны одан әрі нығайтуға және дамытуға бағытталады.

Директорлар кеңесінің жаңа құрамының мүшелері:

1. Гульнара Жаманкуловна Шамшиева – Директорлар кеңесінің мүшесі. Гульнара Жаманкуловна басқару және қаржы секторында тәжірибесі мол, сондай-ақ микроқаржы нарықтарын терең түсінетін стратег.

2. Эндрю Поспиловски (Andrew Pospielovsky) – Директорлар кеңесінің мүшесі.

Эндрю Поспиловски халықаралық деңгейде банк және қаржы институттарын басқаруды жан-жақты игерген, стратегиялық жоспарлауға, тәуекелдерді басқаруға және аудитке маманданған.

3. Филипп Георг Потт (Philipp Georg Pott) – Директорлар кеңесінің мүшесі.

Филипп Георг инновацияларға және банктік қызметтердің цифрлық трансформациясына маманданған, оның қаржы секторындағы үлкен жұмыс тәжірибесі стратегиялық жоспарлауды және ірі жобаларды басқаруды қамтиды.

4. Йоахим Болд (Joachim Bald) – Директорлар кеңесінің мүшесі.

Йоахим Болдтың қаржы саласындағы, оның ішінде микроқаржыландыру мен шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған банкингтегі жұмыс тәжірибесі үлкен. Ол сондай-ақ стратегиялық даму мен тәуекелдерді басқаруда тәжірибелі маман.

5. Олена Малинска (Olena Malynska) – Директорлар кеңесінің Тәуелсіз мүшесі.

Олена қаржы секторында, әсіресе активтерді басқару және корпоративтік басқару саласында айтарлықтай тәжірибесі бар маман, ірі қаржы институттары үшін стратегияларды дамытуға белсенді қатысқан және тәуекелдерді басқару саласындағы білімі терең.

6. Константин Церетели (Constantine Tsereteli) – Директорлар кеңесінің Тәуелсіз мүшесі.

Константин банк мекемелерінің стратегиялық дамуы мен трансформациясындағы, сондай-ақ өзгерістер мен инновацияларды басқарудағы жетістіктерімен танымал.

Сайланған Директорлар кеңесі «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ-ны одан әрі дамытуда шешуші рөл ойнап, компанияны мақсаттарына қол жеткізуге және нарықтағы позицияларын нығайтуға бағыттайтын болады.

Кеңес клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, өнімдер мен қызметтерді дамыту, сондай-ақ корпоративтік басқару мен тәуекелдерді басқаруды нығайту бойынша жұмыс істейді.

Артқа қайту