Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

23 Қараша 2020 «Даму Микро» бағдарламасы бойынша жеңілдікті микрокредиттер
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және KMF микроқаржылық ұйымы аймақтардағы кіші және шағын жеке кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдетілген шарттарда қаржыландыру үшін кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды.

 KMF-ке бөлінген 5 млрд. теңге мөлшеріндегі қаражат KMF МҚҰ әрекеттегі кредиттік өнімдері шеңберінде аймақтардағы кіші және шағын жеке кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдетілген шарттарда қаржыландыруға бағытталады.

 «Даму Микро» бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеу шарттары:

Микрокредиттің нысаналы мақсаты:

Айналым қаражатын толықтыру және негізгі құралдарды сатып алу, жаңарту. Кейбір жағдайларда кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын растау қажет. Кредитті мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.

Микрокредитті кім ала алады

Кіші және шағын жеке кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде ҚР заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар

Бір қарыз алушыға берілетін кредиттің максималды шегі

- 8 000 АЕК. (2020 жылы шамамен 22,2 млн. теңге).

Микрокредит мерзімі:

36 айға дейін – айналым қаражатын толықтыру

84 айға дейін – инвестициялау

 

Негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жеңілдікті кезеңі

12 айдан аспайды.

 

Түпкі қарыз алушылар үшін сыйақының номиналды мөлшерлемесі

жылдық 30% аспайды

Микрокредиттеудің артықшылықтары:

  1.  өтінімді қарау мерзімі 1 күннен бастап.

  2.  үздіксіз кредиттеу мүмкіндігі;

  3. жасы бойынша шектеулер — 21 жастан 75 жасқа дейін.

  4. қаржылық сауаттылық сабақтарына тегін қатысу;

  5. борышты өтеудің аса ыңғайлы тәсілін және мерзімін таңдауды қамтамасыз ету үшін әрбір қарыз алушыға жеке тәсіл қолдану.

 Кредитті өтеу шарттары туралы толық ақпаратты өзіңіздің кредиттік сарапшыңыздан немесе 7474 нөмірі бойынша колл-орталықтан (ұялы телефоннан тегін) біліңіз.