Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

5 Қаңтар 2021 Балалар арналған «Абай мұрасы» байқауы
Өткен жылы Қазақстанда ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілді. «KMF-Демеу» қоры және «KMF» МҚҰ Қазақстанның барлық аймақтарында тұратын балалар мен жасөспірімдерге арнап «Абай мұрасы» атты ауқымды онлайн-байқау өткізді. Байқаудың басты мақсаты оқушылардың ұлы ақынның өмірі және шығармашылығы туралы білімін арттыру және кеңейту, пандемия және онлайн-оқу кезінде балаларды қолдау, оларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру болды.

Байқауға қатысуға ниет білдірген балалар 2020 жылдың 5 қазанынан 5 қараша аралығында төрт номинацияда өз жұмыстарын жіберді: «Абайдың балалық шағы» (сурет байқауы), «Абай өлеңдері», «Абай әндері», «Ақынға арнау» .
Әрбір номинацияда бірінші, екінші және үшінші орын тағайындалды. Онлайн-байқауға еліміздің әртүрлі аудандары мен қалаларынан 6 мен 18 жас аралығында 285 астам оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен номинанттар бағалы жүлделер мен сыйлықтар алды: графикалық планшеттер, суретші жинағы, смартфондар, сонымен қатар «Абайдың қара сөздері».

Білікті қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалады: Төрəлі Еділбайұлы Қыдыр – Абайтанушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Ежелгі дәуір әдебиеті және түркітану» кафедрасының меңгерушісі және Береке Әскербековна Еңкебаева – дауыс қою пәнінің оқытушысы, ҚР Мемлекеттік Үрмелі аспаптар оркестрінің солисті, KMF қызметкері Салтанат Құсаинова және «KMF-Демеу» қорының қызметкері Мұратқызы Мөлдір. Қазылар алқасының барлық мүшелері қатысушылардың байқаудың барлық шарттарын орындауына, әртістігіне, образға ену шеберлігіне, мазмұнын аша алуына және тақырыпқа сай болуына жете мән берді.