Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!
Пайыздық мөлшерлемесін
Сомасын
Мерзімін
Комиссияларды және басқа шығыстарды
Мерзімнен бұрын өтеу мүмкіндігін
Шарт - заңды құжат
Құқықтар мен міндеттер
Құпия сақтау
Кредит сомасы
Процентік мөлшерлеме
Ақпарат анық
Сұрақтар қойыңыз
2 тілді данада
Көрсетілген:
Толық атауы
Заңды мекенжайы
Деректемелері
Компанияның уәкілетті тұлғасы
Берілген күні
Қолдану мерзімі
Толем жүргізу күндері
Әр төлемнің сомасы
Әр төлемнің %
Бір төлемнің негізгі сомасы
Негізгі соманың қалдығы
Барлық пайыздардың сомасы
Барлық төлемдердің сомасы
Барлық төлемдер, соның ішінде мерзімінен бұрын өтеу КМF кассасы немесе мобильді қосымшасы, терминалдар, банк немесе www.kmf.kz сайты арқылы жүреді. Компанияның қызметкерлеріне ақша қаражаттарын беруге (қалдыруға) тыйым салынған, бұл қаржылық тәртіпті бұзу, ол үшін сіз және төлемді қабылдаған КМF қызметкері жауапкершілік көтересіздер!
KMF саясаты қызметкерлерге клиенттерден ақша қаражаттарын немесе басқа материалдық игіліктерді немесе қызметтерді қарызға алуға тыйым салады. Сондықтан, осындай әрекеттерге жол бермеуді және осындай жағдайлардың туындауына жағдай жасамауды өтінеміз.
KMF делдалсыз жұмыс істейді. Белгілі бір сыйақыға кредит рәсімдеуді ұсынушы тұлғалардың компанияның қызметіне еш қатысы жоқ. Сақ болыңыз, делдалдар - алаяқтар. Егер сіз белгілі бір ақыға немесе қызметке кредит рәсімдеуді ұсынушы тұлғаларға тап келсеңіз, 7474 (ұялы телефоннан тегін) колл-орталық телефонына қоңырау шалыңыз немесе басқа тәсілмен хабарлаңыз.
Қаржы мәселелерінде немқұрайлы болмаңыз. Ешкім сізді кредит алуға мәжбүрлей алмайтындығын есте сақтаңыз, сондықтан таныстарыңыз немесе достарыңыз өздеріне кредит алып беруге үгіттесе келіспеңіз. Микрокредит шарты өз атына рәсімделген тұлға кредиттік міндеттемелер үшін жауапкершілік көтеретінін есте сақтаңыз және сіз кредитті алмағаныңызды дәлелдей алмайсыз.
Кредит алған кезде кассадан алыстамай тұрып ақша қаражаттарын санап алу қажет. KMF-те қажет болған жағдайда клиент кассирмен қайталап салыстыру жүргізіп, қолына алған соманың толықтығына көз жеткізе алады. Кредит берілгенге дейін клиентте басқа ешқандай шығыс болмауы тиіс.
Пайыздық мөлшерлеме – кредит сомасына пайыздық өрнекте көрсетілген сома, оны кредит алушы белгілі бір кезеңге (ай, тоқсан, жыл) есептеп, пайдаланғаны үшін төлейді.
Жылдық пайыздық мөлшерлеме – бұл кредитті пайдаланғаны үшін 1 жылға шаққандағы пайыздық мөлшерлеме.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме кредиттің нақты құнын анықтайды. Яғни кредит бойынша пайыздық мөлшерлемеден бөлек ол оған қызмет көрсету бойынша барлық ілесе жүретін шығыстарды (комиссияларды) ескереді. Сондықтан ол жылдық пайыздық мөлшерлемеден ерекшеленуі мүмкін.
Нақтылы пайыздық мөлшерлеме - инфляцияға түзетусіз пайыздық мөлшерлеме.
Өтеу кестесі – ай сайынғы төлемдердің мөлшері; ай сайынғы төлемдердің ұсынылатын мерзімдері; кредитті дер кезінде қайтару үшін қарыз алушыға қажетті басқа мәліметтер көрсетілетін құжат.
Ай сайынғы төлем – қарыз алушы ай сайын шарт бойынша кредиттік берешекті өтеу үшін төлеуге міндетті сома. Ай сайынғы төлемдерді есептеу әдісінің үш түрі бар, клиент оның бірін таңдай алады.
Микрокредитті өтеу қарыз алушының таңдауы бойынша келесі әдістердің бірімен жүреді:
сараланған төлемдер әдісі, онда микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыш қалдығының кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын ай сайын төмендеп отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
аннуитетті төлеу әдісі, онда микрокредит бойынша берешекті өтеу микрокредиттің барлық мерзімінің ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады, негізгі борыш бойынша артып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайып отыратын төлемдерді қамтиды. Бірінші және соңғы төлемдер басқаларынан ерекшеленуі мүмкін;
Жеңілдік кезеңімен микрокредит беру кезінде, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде, микрокредитті өтеу кестесінде төлемді түзеткенде қолданылатын басқа әдіс, яғни микрокредит бойынша ай сайынғы төлем мөлшері Қарыз алушының қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты анықталатын әдіс.
Кепілдік – бұл белгілі бір тұлғаның ақшалай немесе заттай міндеттемелерін орындауы үшін кепілгерлік, қабылданған міндеттемелердің орындалуы үшін жауапкершілік нысаны.
Кепіл – қарыз алушы кредиторға өзінің борыштық міндеттемелерінің кепілдігі ретінде беретін белгілі бір материалдық құндылықтар.
Кепіл құны - кредитті (кепілді) қамтамасыз ететін мүліктің нарықтық құны. Көбіне кредиттің ең жоғарғы сомасы соған байланысты болады.
Кредиттік бюро – бұл кредит алуға үміткер заңды және жеке тұлғалар қызметінің оң және теріс жақтары туралы ақпаратты жинаумен және таратумен айналысатын мамандандырылған ұйым. Сіз алған барлық кредиттер туралы ақпаратты осы кредиттік бюродан алуға болады (сіздің келісіміңізбен).
Мерзімін кешіктіру – негізгі борыш және/немесе кредитті пайдаланғаны үшін жоспарлы пайыздар бойынша мерзімінде өтелмеген берешек.
Өсімақы – төлемдердің мерзімін кешіктірген жағдайда төленетін белгілі бір ақша сомасы (өтеу кестесінің бұзылуы).
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу – кредитті кредит мерзімінен бұрын өтеу. Бұл жағдайда пайыздар мерзімінен бұрын өтеу күні бойынша есептеледі.
адам өмірін және денсаулығын қорғаудың басымдығы
тіршілікке жайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру
халықтың еңбек етуі және демалысы;
қоршаған ортаға келетін әлеуетті зиянның алдын алу.
әлеуметтік-экологиялық тәуекелдерге объективті шолу жасауды қамтамасыз ету;
KMF әлеуметтік-экологиялық тәуекелдерін барынша азайту;
Қарыз алушыларды (өтінім берушілерді) қаржыландыру кезінде қоршаған ортаға әсер ету
тәуекелдерін және әлеуметтік тәуекелдерді барынша азайту.