Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!
Қайырлы күн, Мобильді қосымшада кредитке өтінімді қалай беруге болады?
Сізге мобильді қосымшаға кіріп, бас экранда өнімді таңдау қажет немесе сол жақтағы «жаңа өтінім» қалқыма мәзірінде өтінім беру қажет.
05.03.2019Қайырлы күн, мобильді қосымшада мерзімінен бұрын өтеу сомасын қай жерден біле аламын?
Мерзімінен бұрын өтеу сомасын мобильді қосымшаның бас бетінде орналасқан "Кредиттің егжей-тегжейі" қойындысында көруге болады.
05.03.2019Колл-орталықтың нөмірін қайдан білсем болады және мобильді қосымша арқылы онымен қалай байланысуға болады?
Мәзірдің сол жағында Байланысу таңдап, 7474 (бұл біздің Колл-орталық) басу қажет.
05.03.2019Мобильді қосымшада маған ең жақын орналасқан KMF бөлімшесінің мекенжайын қалай білсем болады?
Біздің бөлімшелердің және кеңселердің тізімін мобильді қосымшаның қалқымалы мәзірінің "KMF картасы" қойындысында геолокациямен көруге болады.
05.03.2019Мобильді қосымшаның құпиясөзін қаншалықты жиі ауыстыру керек?
Қосымшада құпиясөзді қайта-қайта өзгерту қажеттілігі жоқ. Өзіңізге ыңғайлы болу үшін қосымшада жылдам кіру құпиясөзін орнатуға болады
26.03.2020Менде банктік карта бар, қосымша арқылы кредитімді төлей аламын ба?
Иә, Сіз кез келген банктің төлем картасының көмегімен 24/7 режимінде кредит төлей аласыз. Картаңызбен интернетте төлемдер жүргізуге рұқсат етілгенін және интернеттегі төлем лимиті төлем жүргізуге мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз.
26.03.2020Мобильді қосымшада тіркелуге әрекет жасадым, бірақ маған смс келмей жатыр?
Егер смс келмесе, оның себептері:
1. Сіз оператор желісінің әрекет ету аймағынан тыс жердесіз.
2. Құрылғыңыздың жады толып қалған (КЭШ);
3. Операторыңызда смс жіберу бойынша қиындықтар бар.
Қосымша арқылы банктік картаммен кредит өтеуге әрекет жасадым, бірақ өтей алмай жатырмын.
KMF мобильді қосымшасында кредитті төлеу кезінде қателіктер туындаса, оның себептері:
1. Картаңызда қаражат жеткіліксіз;
2. Картаңызда интернетте төлем жүргізу функциясы қосылмаған;
3. Картаңызда интернетте төлем жүргізуге шектеу қойылған;
4. Картаңыздың деректерін дұрыс енгізбедіңіз;
5. Құрылғыңызда (телефоныңызда) интернет байланысы жоқ;
Мобильді қосымша арқылы кредитті қайта құрылымдауға өтінішті қалай беру керек?
Мобильді қосымшада тіркелгеннен кейін телефоныңызда «Сіздің кредит» жолы пайда болады. «Кредит» жолын басыңыз, содан кейін «Қайта құрылымдау» қосымша бетін ашыңыз. Әрі қарай өзіңізге қажетті әрекетті таңдап, мәтіндік жолды толтырыңыз (не істеу қажет екенін және осы әрекеттің себебін), содан кейін ережемен танысып, «Келісемін» батырмасын басыңыз. Экранда «Өтінішіңіз қабылданды, КМФ қызметкері сізбен байланысады» хабарламасы пайда болады.
Кредит беру туралы шарттың талаптарымен танысқым келеді, шартты мобильді қосымша арқылы оқи аламын ба?
Шарттың үлгі талаптары қалқыма мәзірдегі «Шарттардың үлгі талаптары» қосымша бетінде орналасқан. Мақұлданған өтінім бойынша шартпен және кестемен «Өтінімдер мәртебесі» қосымша бетінде танысуға болады.