"KMF-Достар" науқаны!
Қымбатты досқа құнды жүлде!
Тек екі ай және тек достар үшін!
150 Smart теледидарды ұтысқа саламыз
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
banner

KMF әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдай отырып, Медицина Online сервисіне жарты жылдық жазылым сыйлайды.
Жазылымды алу үшін бизнесті дамытуға 750 мың теңгеден жоғары сомаға микроқаржыландыруды рәсімдеу қажет. Бұл қызметке 4 мыңнан астам клиент қол жеткізе алады.

Медицина Online қызметінің артықшылықтары:

Өнім туралы

KMF-Достар

«KMF-Достар» - бұл құрамында 2-ден 10 адамға дейін болатын, алынған микрокредиттер бойынша бір-бірінің алдында ортақ жауапкершілік көтеретін, топқа берілетін өнім.

Науқан шарттары

Науқанға қатысушылар
Науқан өтетін мерзім
Науқан өтетін аумақ
Өнім
Науқан шарттары
Жеңімпаздарды анықтау мерзімі
Жүлде қоры
Науқанға қатысушылар

Бизнесті дамытуға, оның ішінде Агро бағыты бойынша микрокредит рәсімдеген, «KMF-Достар» құрамындағы клиенттер.

Науқанға кімдер қатыса алады:

1.    Науқан кезеңінде мүшелер саны үш адамнан басталатын жаңа топ құру және топтың кемінде бір қатысушысы Агро немесе Бизнес бағыттары бойынша кемінде 750 000 теңге алуы тиіс;

2.     Науқан кезеңінде бұрыннан бар топқа бір және одан да көп жаңа қатысушы әкеледі және топтың кемінде бір қатысушысы Агро немесе Бизнес бағыттары бойынша кемінде 750 000 теңге микрокредит алады.

Маңызды! Ұтыс ойынына қатысу үшін науқан өтетін кезеңде микрокредит алған топ мүшелері оны мерзімінен бұрын толық өтемеулері тиіс.

Науқан өтетін мерзім

02.10.2023 ж. – 02.12.2023 ж. аралығы

Науқан өтетін аумақ

KMF филиалдар желісі.

Өнім

Топта алынған KMF-Бизнес және KMF-Агро бағыттары бойынша барлық қолданыстағы өнімдер.

(сондай-ақ, көрсетілген бағыттар бойынша Даму Микро және Жасыл қаржыландыру бағдарламалары бойынша алынған микрокредиттер)

Науқан шарттары

Науқанға қатысу үшін не қажет:

1.    Науқан кезеңінде құрамы үш адамнан жоғары жаңа топ құру және топтың кемінде бір мүшесі 750 000 теңгеден жоғары сомаға микрокредит алуы тиіс;

2.     Жұмыс істеп тұрған топқа науқан кезеңінде бір және одан да көп жаңа қатысушыларды әкелу және топтың кемінде бір қатысушысы 750 000 теңгеден жоғары сомаға микрокредит алуы тиіс. Топта кемінде 3 адам болуы керек.


Науқан қатысушылары деп танылмайды және оған қатысуға құқығы жоқ:

1. ҚР бейрезиденттері (сұратылған микрокредиттің аяқталу күнінен асатын мерзімге ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар клиенттерді есептемегенде);

2. KMF қызметкерлері;

3. Мүшелері науқан кезеңінде рәсімделген микрокредит бойынша төлемді 5 күннен артық мерзімге кешіктірген топтар.

4. Топ мүшесі микрокредитті мерзімінен бұрын толығымен жауып тастағандар

5. Қатысушылар саны 3 адамнан кем топтар


Жеңімпаздар қалай анықталады

Жеңімпаздар кездейсоқ түскен сандар генераторының көмегімен анықталады (ұтыс ойыны өтетін күні әр топқа кездейсоқ таңдау арқылы номер беріледі).

Ұтыс ойыны Instagram-дағы @ kmf_kz парақшасында, онлайн трансляция режимінде өтеді. 07.12.2023 жылғы ұтыс ойында нотариус міндетті түрде болады.

Жүлде қоры - теледидарлар науқанның барлық қатысушылары арасында ойнатылады. Әр филиалда бір жеңімпаз топ таңдалады, оның барлық қатысушысы жүлделі болады.

Ерекше шарттар

Егер анықталған жеңімпаз ұтыс ойыны аяқталған соң 24 сағат ішінде KMF қызметкерлерімен байланысқа шықпаса, ұйымдастырушылар жеңімпазды анықтауды қайта өткізуге құқылы.

Ұтыс қабылдау-тапсыру актісіне міндетті түрде қол қойып, клиенттерге табысталады.

Науқанды өткізу кезеңінде Ұйымдастырушы осы Ережелерге біржақты тәртіпте өзгертулер енгізуге құқылы.

Осы Ережелерге өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізген жағдайда, Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Instagram-дағы @kmf_kz парақшасында таратады.

Жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықты KMF төлейді.

Жеңімпаздарды анықтау мерзімі
07.12.2023 ж.
Жүлде қоры
SmartTV – 150 дана теледидар