cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Сұрақ-жауап


Сұрақ-жауап

Бұл бөлімде сіз жиі қойылатын сұрақтарға барлық жауаптарды таба аласыз

Геолокациямен бірге біздің кеңселеріміз бен бөлімшелеріміздің тізімін мобильді қосымшаның қалқымалы мәзірінің "KMF картасы" қосымша бетінен көруге болады.

Мобильді қосымшаның басты бетінде (жоғарғы жағында) микрокредитті онлайн төлеу бойынша мәзір бар, онда "... дейін төлеу " деп көрсетілген».

Мобильді қосымшаны іске қосқаннан кейін экранда кіру терезесі пайда болады. KMF мобильді қосымшасында жұмысты бастау үшін қысқа тіркеу рәсімінен өту керек. Ол үшін "Тіркеу" батырмасын басу қажет. Телефон нөмірін енгізу терезесі пайда болады. 

Телефон нөмірін енгізгеннен кейін "Кодты алу" түймесін басу керек, оны басқан кезде пайдаланушының телефон нөміріне растау үшін SMS код жіберіледі. Пайдаланушы алынған кодты тиісті жолға енгізіп, "Әрі қарай" түймесін басуы қажет. Содан кейін пайдаланушы "ЖСН", "Құпиясөз", "Құпиясөзді қайталаңыз" жолдарын толтырып, "Тіркелу" түймесін басуы қажет.

Егер смс келмесе, оның себептері:

  • Сіз оператор желісінің әрекет ету аймағынан тыс жердесіз.
  • Құрылғыңыздың жады толып қалған (КЭШ);
  • Операторыңызда смс жіберу бойынша қиындықтар бар.

KMF мобильді қосымшасында кредитті төлеу кезінде қателіктер туындаса, оның себептері:

1. Картаңызда қаражат жеткіліксіз;

2. Картаңызда интернетте төлем жүргізу функциясы қосылмаған;

3. Картаңызда интернетте төлем жүргізуге шектеу қойылған;

4. Картаңыздың деректерін дұрыс енгізбедіңіз;

5. Құрылғыңызда (телефоныңызда) интернет байланысы жоқ

Мобильді қосымшада тіркелгеннен кейін телефоныңызда «Сіздің кредит» жолы пайда болады. «Кредит» жолын басыңыз, содан кейін «Қайта құрылымдау» қосымша бетін ашыңыз. Әрі қарай өзіңізге қажетті әрекетті таңдап, мәтіндік жолды толтырыңыз (не істеу қажет екенін және осы әрекеттің себебін), содан кейін ережемен танысып, «Келісемін» түймесін басыңыз. Экранда «Өтінішіңіз қабылданды, КМФ қызметкері сізбен байланысады» хабарламасы пайда болады.  

Төлем сомасының 1%-ы, бірақ 150 теңгеден кем емес және 5 000 теңгеден көп емес.


Иә, алуға болады. Бұл үшін бөлімшеге өтініш жазу керек, қызметкерлер бұл өтінішті тиісті бөлімшеге жібереді, онда қол қойып, скан жібереді. Кассада ақшаны береді.

Бірінші микрокредитті 3 000 000 теңгеге дейін, одан кейін 7 000 000 теңгеге дейін (топтағы қатысушылар санына байланысты) алуға болады.

Иә, кредиттік комитет жеңілдік кезеңін қарастыруы мүмкін.

Иә, KMF-те 1 жылдан астам тәжірибесі бар қайталама клиенттер кепілсіз 4 000 000 теңгеге дейін жеке микрокредит ала алады.