cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Қарыз алушының жадынамасы

Қарыз алушының жадынамасы

Нақтылаңыз

  • Комиссияларды және басқа шығыстарды
  • Мерзімнен бұрын өтеу мүмкіндігін
  • Пайыздық мөлшерлемесін
  • Сомасын
  • Мерзімін

Нақтылаңыз

Есте сақтаңыз

  • Шарт - заңды құжат
  • Құқықтар мен міндеттер
  • Құпияны сақтау
  • Кредит сомасы
  • Пайыздық мөлшерлеме

Есте сақтаңыз

Көз жеткізіңіз

  • Ақпарат анық
  • Сұрақтар қойыңыз

Көз жеткізіңіз

Шарт

  • 2 тілде құрастырылған
Көрсетілген:
  • Толық атауы
  • Заңды мекенжайы
  • Деректемелері
  • Компанияның уәкілетті тұлғасы

Қосымша

  • Берілген күні
  • Қолдану мерзімі
  • Толем жүргізу күндері
  • Әр төлемнің сомасы
  • Бір төлем ішіндегі %
  • Бір төлем ішіндегі негізгі сома
  • Негізгі соманың қалдығы
  • Барлық пайыздардың сомасы
  • Барлық төлемдердің сомасы

Қаржы қауіпсіздігінің ережесі

Барлық төлемдер, соның ішінде мерзімінен бұрын өтеу КМF кассасы немесе мобильді қосымшасы, терминалдар, банк немесе www.kmf.kz сайты арқылы жүреді. Компанияның қызметкерлеріне ақша қаражаттарын беруге (қалдыруға) тыйым салынған, бұл қаржылық тәртіпті бұзу болып саналады, ол үшін сіз және төлемді қабылдаған КМF қызметкері жауапкершілікке тартыласыздар!

Толығырақ

KMF саясаты қызметкерлерге клиенттерден қарызға ақша алуға немесе басқа материалдық игіліктерді немесе қызметтерді алуға тыйым салады. Сондықтан, осындай әрекеттерге жол бермеуді және осындай жағдайлардың туындауына жағдай жасамауды өтінеміз.

Қаржы терминдері

Пайыздық мөлшерлеме – кредит сомасына пайыздық өрнекте көрсетілген сома, оны кредит алушы белгілі бір кезеңге (ай, тоқсан, жыл) есептеп, пайдаланғаны үшін төлейді.

Жылдық пайыздық мөлшерлеме – бұл кредитті пайдаланғаны үшін 1 жылға шаққандағы пайыздық мөлшерлеме.

Тиімді пайыздық мөлшерлеме кредиттің нақты құнын анықтайды. Яғни кредит бойынша пайыздық мөлшерлемеден бөлек ол оған қызмет көрсету бойынша барлық ілесе жүретін шығыстарды (комиссияларды) ескереді. Сондықтан ол жылдық пайыздық мөлшерлемеден ерекшеленуі мүмкін.

Нақтылы пайыздық мөлшерлеме - инфляцияға түзетусіз пайыздық мөлшерлеме.

Өтеу кестесі – ай сайынғы төлемдердің мөлшері; ай сайынғы төлемдердің ұсынылатын мерзімдері; кредитті дер кезінде қайтару үшін қарыз алушыға қажетті басқа мәліметтер көрсетілетін құжат.

Ай сайынғы төлем – қарыз алушы ай сайын шарт бойынша кредиттік берешекті өтеу үшін төлеуге міндетті сома. Ай сайынғы төлемдерді есептеу әдісінің үш түрі бар, клиент оның бірін таңдай алады.

Толығырақ
Микрокредитті өтеу қарыз алушының таңдауы бойынша келесі әдістердің бірімен жүреді:
  • сараланған төлемдер әдісі, онда микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыш қалдығының кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын ай сайын төмендеп отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
  • аннуитетті төлеу әдісі, онда микрокредит бойынша берешекті өтеу микрокредиттің барлық мерзімінің ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады, негізгі борыш бойынша артып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайып отыратын төлемдерді қамтиды. Бірінші және соңғы төлемдер басқаларынан ерекшеленуі мүмкін;
  • Жеңілдік кезеңімен микрокредит беру кезінде, микрокредитті қайта құрылымдау кезінде, микрокредитті өтеу кестесінде төлемді түзеткенде қолданылатын басқа әдіс, яғни микрокредит бойынша ай сайынғы төлем мөлшері Қарыз алушының қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты анықталатын әдіс.

Кепілдік – бұл белгілі бір тұлғаның ақшалай немесе заттай міндеттемелерін орындауы үшін кепілгерлік, қабылданған міндеттемелердің орындалуы үшін жауапкершілік нысаны.

Кепіл – қарыз алушы кредиторға өзінің борыштық міндеттемелерінің кепілдігі ретінде беретін белгілі бір материалдық құндылықтар.

Кепіл құны - кредитті (кепілді) қамтамасыз ететін мүліктің нарықтық құны. Көбіне кредиттің ең жоғарғы сомасы соған байланысты болады.

Кредиттік бюро – бұл кредит алуға үміткер заңды және жеке тұлғалар қызметінің оң және теріс жақтары туралы ақпаратты жинаумен және таратумен айналысатын мамандандырылған ұйым. Сіз алған барлық кредиттер туралы ақпаратты осы кредиттік бюродан алуға болады (сіздің келісіміңізбен).

Мерзімін кешіктіру – негізгі борыш және/немесе кредитті пайдаланғаны үшін жоспарлы пайыздар бойынша мерзімінде өтелмеген берешек.

Өсімақы – төлемдердің мерзімін кешіктірген жағдайда төленетін белгілі бір ақша сомасы (өтеу кестесінің бұзылуы).

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу – кредитті кредит мерзімінен бұрын өтеу. Бұл жағдайда пайыздар мерзімінен бұрын өтеу күні бойынша есептеледі.