Барлық төлемдер, соның ішінде мерзімінен бұрын өтеу КМF кассасы немесе мобильді қосымшасы, терминалдар, банк немесе www.kmf.kz сайты арқылы жүреді. Компанияның қызметкерлеріне ақша қаражаттарын беруге (қалдыруға) тыйым салынған, бұл қаржылық тәртіпті бұзу болып саналады, ол үшін сіз және төлемді қабылдаған КМF қызметкері жауапкершілікке тартыласыздар!
KMF саясаты қызметкерлерге клиенттерден қарызға ақша алуға немесе басқа материалдық игіліктерді немесе қызметтерді алуға тыйым салады. Сондықтан, осындай әрекеттерге жол бермеуді және осындай жағдайлардың туындауына жағдай жасамауды өтінеміз.
Пайыздық мөлшерлеме – кредит сомасына пайыздық өрнекте көрсетілген сома, оны кредит алушы белгілі бір кезеңге (ай, тоқсан, жыл) есептеп, пайдаланғаны үшін төлейді.
Жылдық пайыздық мөлшерлеме – бұл кредитті пайдаланғаны үшін 1 жылға шаққандағы пайыздық мөлшерлеме.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме кредиттің нақты құнын анықтайды. Яғни кредит бойынша пайыздық мөлшерлемеден бөлек ол оған қызмет көрсету бойынша барлық ілесе жүретін шығыстарды (комиссияларды) ескереді. Сондықтан ол жылдық пайыздық мөлшерлемеден ерекшеленуі мүмкін.
Нақтылы пайыздық мөлшерлеме - инфляцияға түзетусіз пайыздық мөлшерлеме.
Өтеу кестесі – ай сайынғы төлемдердің мөлшері; ай сайынғы төлемдердің ұсынылатын мерзімдері; кредитті дер кезінде қайтару үшін қарыз алушыға қажетті басқа мәліметтер көрсетілетін құжат.
Ай сайынғы төлем – қарыз алушы ай сайын шарт бойынша кредиттік берешекті өтеу үшін төлеуге міндетті сома. Ай сайынғы төлемдерді есептеу әдісінің үш түрі бар, клиент оның бірін таңдай алады.
Кепілдік – бұл белгілі бір тұлғаның ақшалай немесе заттай міндеттемелерін орындауы үшін кепілгерлік, қабылданған міндеттемелердің орындалуы үшін жауапкершілік нысаны.
Кепіл – қарыз алушы кредиторға өзінің борыштық міндеттемелерінің кепілдігі ретінде беретін белгілі бір материалдық құндылықтар.
Кепіл құны - кредитті (кепілді) қамтамасыз ететін мүліктің нарықтық құны. Көбіне кредиттің ең жоғарғы сомасы соған байланысты болады.
Кредиттік бюро – бұл кредит алуға үміткер заңды және жеке тұлғалар қызметінің оң және теріс жақтары туралы ақпаратты жинаумен және таратумен айналысатын мамандандырылған ұйым. Сіз алған барлық кредиттер туралы ақпаратты осы кредиттік бюродан алуға болады (сіздің келісіміңізбен).
Мерзімін кешіктіру – негізгі борыш және/немесе кредитті пайдаланғаны үшін жоспарлы пайыздар бойынша мерзімінде өтелмеген берешек.
Өсімақы – төлемдердің мерзімін кешіктірген жағдайда төленетін белгілі бір ақша сомасы (өтеу кестесінің бұзылуы).
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу – кредитті кредит мерзімінен бұрын өтеу. Бұл жағдайда пайыздар мерзімінен бұрын өтеу күні бойынша есептеледі.