Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!
ЕҚДБ GEFF (Green Economy Financing Facility – Жасыл экономиканы қаржыландыру) бағдарламасы – Еуропа Қайта құру және даму банкінің жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламаларының бірі.
Мақсатты заемдар жасыл экономикаға және жасыл технологияларға инвестиция салатын соңғы қарыз алушыларды қаржыландыру үшін беріледі.
«KMF» МҚҰ – Қазақстандағы GEFF бағдарламасының қатысушысы ретінде таңдалған алғашқы қаржы мекемесі.
Бұл бағдарламаға сәйкес KMF қарыз алушылары тұрғын үйді/бизнесті заманауи энергия тиімді материалдармен жаңарту, тұрғын үйге және бизнеске энергия тиімді жабдықты және технологияларды сатып алу үшін қаражат алады.
GEFF бағдарламасы бойынша кредиттеу шарттары:
Сомасы: 50 мыңнан 50 миллион теңгеге дейін.
Мерзімі: 3 айдан 84 айға дейін.
Қамтамасыз ету:
2 млн. теңгеге дейін – кепілсіз,
2 млн. теңгеден асқанда үшінші тұлғалардың кепілдігі, баспана, автокөлік, басқа жылжымалы мүлік кепілге ұсынылуы мүмкін.
Микрокредит сомасының немесе энергия тиімді технологияларға салынған инвестиция сомасының 10% немесе 15% мөлшерінде өтемақы алу мүмкіндігі (ең аз сомаға).
Тұрғын үйді және/немесе бизнесті энергия тиімді жабдықпен жаңартуға өтемақы алу үшін:
1. KMF микрокредитінің көмегімен жасыл технологиялар селекторынан энергия тиімді тауар сатып алыңыз. Жабдықтарды, технологияларды және материалдарды Жасыл технологиялар селекторынан қараңыз.
2. Таңдалған жабдықтың Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына, GEFF бағдарламасының критерийлеріне және дүниежүзілік энергия тиімді стандарттарға сәйкестігін растайтын GEFF сәйкестік сертификатын алыңыз.
3. Тұрғын үйді\бизнесті жаңартыңыз.
4. Аяқталған нысанды тексеру/верификациялау үшін өтінім беріңіз (Өтемақыға өтінім беру сәтінде кредит әлі толық өтелмеген болуы керек).
5. Тексерістен-верификациядан өтіңіз.
6. «KMF» МҚҰ қарыз қаражаты есебінен жасыл технологияларға салынған инвестиция сомасының немесе микрокредит сомасының 10% немесе 15 % көлемінде өтемақы алыңыз (өтемақы % сомалардың ең азына есептеледі).
«Достар» - бұл құрамында 2-ден 10 адамға дейін болатын, алынған кредиттер бойынша бір-бірінің алдында топтық ортақ жауапкершілік көтеретін клиенттер тобына берілетін микрокредиттік өнім.
Толығырақ«Микро» - бұл жеке клиентке бизнесті немесе ауыр шаруашылығын/фермерлік шаруашылықты дамыту мақсатында берілетін микрокредиттік өнім.
Толығырақ«МСБ» - бұл шағын әрі орта бизнес жүргізетін клиенттерге бизнестерін дамытуға және кеңейтуге берілетін микрокредиттік өнім.
Толығырақ«Шаңырақ» микрокредиттік өнімі еліміздегі тұрғындардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған ынтымақтыстығымыздың жемісі болып табылады.
Толығырақ«Сенiм» - бұл 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыстағы бизнесті дамыту үшін компанияның жеке клиенттеріне жеке немесе топтық түрде қолайлы шарттарда ұсынылатын шағын несиелік өнім.
Толығырақ