sdfsdfsdfsdf #
Қызметкерлерге деген қамқорлық

Компаниямыздың қызметкерлерге қатысты айқын бағыттағы әлеуметтік саясатты жүргізетіндігін атап өту қажет.
Қызметкерлердің әлеуметтік топтамасын жақсарту мақсатында оған үнемі өзгерістер енгізіліп тұрады.

ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР

Біздің компания клиенттерге, сонымен қатар қызметкерлерге қатысты әлеуметтік бағытты ұстанатын компания болып табылады, бұл Smart Campaign халықаралық сертификатымен расталады.

КМФ-тің қызметкерге қатысты әлеуметтік саясаты әлеуметтік сипаттағы төлемдерді, жеңілдіктерді және өтемақыларды қамтитын әлеуметтік топтамаға біріктірілген. Әлеуметтік топтаманы қалыптастыру кезінде келесі міндеттерді шешуге тырысамыз: қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, қызметкерлердің өз қызметімен қанағаттану деңгейін арттыру, қызметкерлерге қолайлы еңбек және тынығу жағдайларын жасау.

Бізге әрбір қызметкердің Компанияның дамуына қосатын үлесі өте маңызды, сондықтан нақты қызметкерге берілетін жеңілдіктердің тізімі және көлемі ондай қызметкердің атқаратын қызметіне және жұмыс өтіліне байланысты.

Қызметкерлерге келесілерді сатып алу мақсатында кредит беріледі:

  • Жылжымайтын мүлік сатып алу
  • Жөндеу жұмыстарын жүргізу
  • Көлік сатып алу
  • Өзге мақсаттар

Қызметкер өміріндегі айырықша оқиғалар міндетті түрде ескеріледі

  • Үйлену тойы
  • Баланың дүниеге келуі
  • Мерейтой

Қызметкер денсаулығына деген қамқорлық – Компанияның маңызды міндеттерінің бірі, сол себепті біз Компания есебінен келесі мүмкіндіктерді ұсынамыз:

  • Ең үздік клиникаларда емделу 
  • Әріптестермен бірге спортпен шұғылдану
  • Демалыс кезінде денсаулықты түзетіп, демалу
  • Кезекті демалыстан басқа, бір жылдың ішінде екі күн демалыс алу

Қызметіңізді атқару кезінде орын алатын шығындарды өтейміз:

  • Ұялы байланыс және Интернет 
  • Басқа аймаққа көшу кезінде жол және пәтерді жалға алу шығындары (қызметтік қажеттілікке байланысты).

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АЛДЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

KMF корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға үлкен мән береді. Компанияның қызметкерлері әлеуметтік жобаларға белсенді тартылған және қайырымдылық акцияларына қатысады. Компанияда бүкіл компания бойынша қызметкерлер белсенді түрде ат салысатын әр алуан акциялар өткізіледі. Осындай акциялардың шеңберінде Компанияның Бас кеңсесі мектеп-интернатты өзінің қамқорлығына алды.

#
# ЗАЯВКА НА ОБУЧЕНИЕ
Это займет меньше минуты!
Как Вас зовут? *
Ваш телефон *
Ваш email *
Дата проведения *
Где Вы живёте *
Посещали ли Вы ранее наши семинары?
#
# КНИГА ЖАЛОБ
ФИО
Email
Тема
Город проживания *
Ваш вопрос
Защита от роботов
CAPTCHA      
#
# ЗАДАТЬ ВОПРОС
ФИО
Email
Тема
Город проживания *
Ваш вопрос
Защита от роботов
CAPTCHA      
#
# Есебі
#
# Кредитке өтінім беру
Ол аз минут алады!
Аты-жөніңіз *
Телефон *
Тұрғылықты жеріңіз *
Жұмыс орнының/бизнесінің мекенжайы
ИИН*
Цель кредитования
Кредит сомасы *
тенге
Кредит мерзімі *
месяцев
Соңғы 6 айдағы табысы*
Код с картинки*
CAPTCHA
   
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісесіз бе