cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу
Білім. Ынталандыру. Еркіндік.

Қызмет еткен жылдар ішінде KMF Орталық Азия өңіріндегі бұрынғы кеңестік елдердің арасында микроқаржылық сектор көшбасшыларының бірі болды. Бүгінде «KMF» МҚК - Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым.

О компании
Құттықтау сөз
Сіздің өркендеуіңіз үшін үздік микроқаржыландыру!

Біз көп жылдар бойы бүкіл Қазақстан бойынша кәсіпкерлерге өз ісін дамытуға көмектесіп келеміз. Бұл біздің міндетіміз және миссиямыз. Біз барлық ойларымыз бен күш-жігерімізді қызмет көрсету сапасын арттыруға, қарыз шарттарын жақсартуға, жаңа бағдарламалар әзірлеуге және жаңа технологияларды ендіруге бағыттаймыз. 25 жыл бойы біз осы саладағы ең ірі компания болып қала береміз және елдегі ең үздік микроқаржыландырудың бірін ұсынамыз.   

Біз әрқашан ашықпыз және клиенттеріміздің қажеттіліктерімен бірге өзгереміз. Ең үздік клиенттік сервис – бұл біздің команданың басты басымдығы. Сіз бізді жақсырақ, ыңғайлы және түсінікті болуға талпындырасыз.

Сіздің бизнесіңіз үздік қаржыландыруға лайық!”

Компания туралы

Компания клиенттерімен өзара сенімге, түсіністік пен құрметке негізделген ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды құруды мақсат тұтады. «KMF» МҚҰ клиенттеріне келесі қызмет түрлеріне жеке және топтық микрокредиттер ұсынады:

Бизнес
Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы
Тауар өндіру
Қызмет көрсету
Тұтынушылық кредит беру
Тарих
  • 1997
    Қазақстандық Кредиттеу Қоры

    1997 жылы 20 қарашада Талдықорған қаласында қала кәсіпкерлеріне алғаш рет кредит берілді. Микроқаржыландыру жобасы кепілсіз (топтық) кредиттен басталды.

    Кепілді қамтамасыз етуі жоқ кәсіпкерлер топтағы ортақ жауапкершілікпен кредит алу үшін топ болып бірлесті. Қазақстанда мұндай кредит түрі алғаш рет берілді. Қызметкерлердің бірізге қойылған жұмысы және біздің республикамыздағы жағдайға сәтті бейімделген әдіс жобаның Талдықорған қаласында үлке...

    Алыс оқыңыз

    Кепілді қамтамасыз етуі жоқ кәсіпкерлер топтағы ортақ жауапкершілікпен кредит алу үшін топ болып бірлесті. Қазақстанда мұндай кредит түрі алғаш рет берілді. Қызметкерлердің бірізге қойылған жұмысы және біздің республикамыздағы жағдайға сәтті бейімделген әдіс жобаның Талдықорған қаласында үлкен табысқа жетуіне септігін тигізді. Қор өзінің географиялық шекарасын кеңейту және қызмет көрсетілетін клиенттер санын көбейту арқылы қарқын ала бастады. 

  • 2006
    Қор микрокредиттік ұйымға айналды

    2006 жылы «Қазақстандық Кредиттеу Қоры» бейкоммерциялық ұйым болып қалып,  микрокредиттік ұйымға айналды және өзінің мәртебесін өзгертті.

    2006 ж. соңында Қор «KazMicroFinance» (KMF) МКҰ» ЖШС коммерциялық еншілес ұйымын құрды. «Қазақстандық Кредиттеу Қорының» барлық клиенттері мен қызметкерлері жаңа ұйымға ауыстырылды. «Қазақстандық Кредиттеу Қорының» құқықтық мирасқоры болып қалған KMF компаниясы ККҚ жетістіктерін еселендіре тү...

    Алыс оқыңыз

    2006 ж. соңында Қор «KazMicroFinance» (KMF) МКҰ» ЖШС коммерциялық еншілес ұйымын құрды. «Қазақстандық Кредиттеу Қорының» барлық клиенттері мен қызметкерлері жаңа ұйымға ауыстырылды. «Қазақстандық Кредиттеу Қорының» құқықтық мирасқоры болып қалған KMF компаниясы ККҚ жетістіктерін еселендіре түсіп, Орталық Азия аймағының микроқаржы нарығындағы көшбасшы позициясын сақтап қалды.  

    Компания өзінің клиентке бағытталған тұрақты әрі айқын компания ретіндегі ұстанымын нығайтып отыр.

  • 2007
    Қамту аймағын кеңейтті

    Компания «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-мен ақпаратты ұсыну және кредиттік есептемелерді алу туралы шартқа қол қойды.

    2008 жылы құрылтайшы - американдық ACDI/VOCA корпорациясының шешімі бойынша «Қазақстандық кредиттеу қоры» «KMF-Демеу» КҚ болып қайта құрылды.

    2007-2009 жылдар аралығындағы кезеңді қоса алғанда, компания бүкіл Қазақстан бойынша 23 бөлімшесін ашып, Қазақстан Республикасының аум...

    Алыс оқыңыз

    2008 жылы құрылтайшы - американдық ACDI/VOCA корпорациясының шешімі бойынша «Қазақстандық кредиттеу қоры» «KMF-Демеу» КҚ болып қайта құрылды.

    2007-2009 жылдар аралығындағы кезеңді қоса алғанда, компания бүкіл Қазақстан бойынша 23 бөлімшесін ашып, Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің географиялық қатысуын кеңейтті.

    1997 жылдан 2007 жылға дейін компания ҚР ірі қалаларында 8 филиал ашты. Әрбір филиал жанынан ауылдық бөлімшелер жұмыс істей бастады.


  • 2009
    «KazMicroFinance» компанияның қысқа «KMF» логосына көшуін аяқтады
    2007-2009 жылдар аралығындағы кезеңді қоса алғанда, компания бүкіл Қазақстан бойынша 23 бөлімшесін ашып, Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің географиялық қатысуын кеңейтті.
  • 2010
    Smart Campaign сертификатын алды

    Компания екі рет әлемдік наградалар: клиенттермен жүргізілген жұмыс үшін ХҚО сыйлығымен және «Клиенттің құқықтарын қорғаудағы жетістіктері үшін» Smart Campaign сертификатымен марапатталды; Smart Campaign (Ақылды Кампания) клиенттердің шамадан тыс қарыздарын болдырмау мақсатында жүргізген қызметі үшін ең үздік микрокредиттік ұйым деп таныды

  • 2011
    Бақылаушы кеңес құрылды

    2011 жылы Компанияның жалпы жиналысының шешімімен «KMF» МКҰ ЖШС-да Бақылаушы кеңес құрылып, құрамы бекітілді.

  • 2012
    KMF-ке 15 жыл

    2012 жыл Компания үшін айтулы жыл болды – ұйымға 15 жыл толды. 2012 жылдың қараша айында KMF-тің кредиттік портфелі кезекті рекордтық көрсеткішке – 12 миллиард теңгеге жетті. Қаржы нарығында жұмыс істеген 15 жыл ішінде KMF-те 104 миллиард теңгеден астам сомаға 559 721 кредит берілді. Осы жылдар ішінде кредит қаражатының 80%-дан астамы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталды.

  • 2014
    Халықаралық инвесторлар тартылды

    2014 жыл KMF үшін негізгі қызметінде, сонымен қатар орын алған маңызды оқиғалар бойынша ең табысты жылдардың бірі болды.


    Кредиттік портфель жыл басынан жартысынан көп мәнге өсті (+55,8%) – 17.970 млрд. теңгеден 28.001 млрд. теңгеге дейін. 

    Кредиттік портфельдің аталған сомасының жартысынан астамы ауылдық жерде тұратын клиенттерге тиесілі екенін атап өту қажет. Белсенді клиенттердің саны үштен ...

    Алыс оқыңыз

    Кредиттік портфель жыл басынан жартысынан көп мәнге өсті (+55,8%) – 17.970 млрд. теңгеден 28.001 млрд. теңгеге дейін. 

    Кредиттік портфельдің аталған сомасының жартысынан астамы ауылдық жерде тұратын клиенттерге тиесілі екенін атап өту қажет. Белсенді клиенттердің саны үштен бір бөлікке өсіп, 128 756 адамды құрады.

  • 2015
    МҚҰ болып қайта тіркелді

    2015 жылдың қорытындылары бойынша KMF «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС деректері бойынша берілген микрокредиттердің жалпы сомасы бойынша микрокредиттеу нарығының 76% қамтыған.

    2015 жылдың қорытындылары бойынша KMF-тің белсенді клиенттерінің саны 151 903 адамға ұлғайды, ал кредиттік портфель 34,7 млрд. теңгеге жетті. ranking.kz. талдамалы порталының деректері бойынша KMF кредиттік портфельдің мөлшері бойынша Қазақстандағы, ал белсенді клиенттердің саны бойынша Орталы...

    Алыс оқыңыз

    2015 жылдың қорытындылары бойынша KMF-тің белсенді клиенттерінің саны 151 903 адамға ұлғайды, ал кредиттік портфель 34,7 млрд. теңгеге жетті. ranking.kz. талдамалы порталының деректері бойынша KMF кредиттік портфельдің мөлшері бойынша Қазақстандағы, ал белсенді клиенттердің саны бойынша Орталық Азиядағы ең ірі микроқаржылық ұйым болып табылады.

  • 2016
    ЕҚДБ қарыз алды

    2016 жылдың қорытындысы бойынша KMF клиенттерінің саны 180 мың адамға жетіп, кредиттік портфель 50 млрд. теңгеден асты.

  • 2017
    Шетелдік инвесторлардан алғаш рет бірлестірілген кредит алды

    KMF микроқаржылық ұйымы шетелдік инвесторлардан алғаш рет бірлестірілген кредит алды. KMF микроқаржылық ұйымы және Дүниежүзілік банк тобының мүшесі – Халықаралық қаржылық корпорация (IFC) арасында $44 млн. көлеміндегі бірлестірілген кредит туралы келісімге қол қойылды. Шетелдік инвесторлардың құрамына микроқаржылық нарықтың жетекші қаржылық компаниялары кіреді: Microvest (АҚШ), Bank im Bistum (Германия), Incofin (Бельгия), Symbiotics (Швейцария).

  • 2018
    KMF IFC-тен МҚҰ нарығы тарихындағы ең ірі бірлестірілген қарыз алды

    KMF микроқаржылық ұйымы мен мәмілені ұйымдастырушы – Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) арасында $82 млн. көлемінде бірлестірілген кредит туралы келісімге қол қойылды.

    KMF ЕҚДБ-ның Қазақстандағы алғашқы бірлестірілген кредитін алды. Қазақстандағы кіші, шағын және орта кәсіпорындар ЕҚДБ елдің ірі микроқаржы ұйымы KMF үшін ұйымдастырған 50 миллион АҚШ долларына дейінгі мөлшердегі бірлестірілген кредиттің арқасында қаржыландыруға қол жеткізді.

    ЕҚ...

    Алыс оқыңыз

    KMF ЕҚДБ-ның Қазақстандағы алғашқы бірлестірілген кредитін алды. Қазақстандағы кіші, шағын және орта кәсіпорындар ЕҚДБ елдің ірі микроқаржы ұйымы KMF үшін ұйымдастырған 50 миллион АҚШ долларына дейінгі мөлшердегі бірлестірілген кредиттің арқасында қаржыландыруға қол жеткізді.

    ЕҚДБ өз қаражаты есебінен 10 миллион АҚШ долларын берді, ал қалған 40 миллион АҚШ долларын микроқаржылық инвестициялық қорлар бірігіп берді.

  • 2019
    KMF cтала получателем первого синдицированного кредита ЕБРР в Казахстане
    Микро-, малые и средние предприятия в Казахстане получили доступ к финансированию благодаря синдицированному кредиту в размере до 50 миллионов долларов США, организованному ЕБРР для крупнейшей микрофинансовой организации страны KMF. Из собственных средств ЕБРР предоставил до 10 миллионов долларов США, а оставшиеся 40 миллионов долларов США синдицированы микрофинансовыми инвестиционными фондами.
  • 2020
    Компания СOVID-19 пандемиясынан туындаған сын-қатерлерге табысты төтеп берді

    Компания ұтқыр, ыңғайлы әрі қолжетімді болу үшін трансформациядан өтті. Күрделі экономикалық құбылмалылық жағдайларында KMF $40 млн. в теңге мөлшерінде ЕҚДБ кредит алды. Кредит отандық кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметті жалғастыруға және жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесті.

    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлердегі кіші және шағын жеке кәсіпкерлікті жеңілдетілген шарттарда қаржыландыру үшін KMF-ке 5 млрд. теңгеге кредиттік желі ашты.

    Мобильді қосымша әзірленіп, іске қосылды. Мобильді қосымшаның көмегімен клиенттер микрокредитке өтінім беру, ақша...

    Алыс оқыңыз

    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлердегі кіші және шағын жеке кәсіпкерлікті жеңілдетілген шарттарда қаржыландыру үшін KMF-ке 5 млрд. теңгеге кредиттік желі ашты.

    Мобильді қосымша әзірленіп, іске қосылды. Мобильді қосымшаның көмегімен клиенттер микрокредитке өтінім беру, ақшаны ЕДБ картасына алу, ай сайынғы төлемдерді енгізу мүмкіндігіне ие болды. Қосымша үнемі жаңа функциялармен және мүмкіндіктермен толығып отырады. 2020 жылдың соңында пайдаланушылардың саны 150 мыңнан асты.

    Қарыз алушыларды қолдау бағдарламасы әзірленіп, табысты жүзеге асты. Қолдау бағдарламасы қиындықтарға тап болған, дегенмен кәсібін әрі қарай дамытқысы келетін клиенттер үшін әр алуан қолдау шараларын қамтыды. Бағдарламаны он мыңнан астам клиент пайдаланды. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкер әйелдерге арналған субсидияланған микрокредиттер жобасы жүзеге асырылды.

    ЕҚДБ KMF-ті гендерлік және экономикалық интеграция саласындағы тұрақты даму жобаларын ендіріп, сәтті жүзеге асырғаны үшін марапаттады.

    ЕҚДБ бірге «жасыл микрокредиттеу» бағыты іске қосылды. KMF 5 млн. доллар (теңгедегі баламасы) сомасына кредиттік желі ашқан Қазақстанның қаржы ұйымдарының арасында ЕҚДБ алғашқы жергілікті серіктесіне айналды. GEFF (Green Economy Financing Facility) бағдарламасы тұрғын үйді/бизнесті заманауи энергия тиімді материалдармен жаңартуды, бизнес үшін энергия тиімді жабдық және технологиялар сатып алуды қаржыландыру үшін KMF клиенттеріне қарыз беруді мақсат тұтады, бұл ретте клиенттер микрокредит сомасының 10-15% мөлшерінде өтемақы алады.

    Жаңа миссияның қабылдануы - «Сіздің өркендеуіңіз үшін үздік микроқаржыландыру». Жаңа миссия компания құндылықтарына, клиенттермен қарым-қатынасқа және KMF-тің МҚҰ ретінде даму болашағына толық жауап береді. Сонымен қатар үш құндылық таңдалды: K – Knowledge (Білім), M – Mobility (Ынталандыру), F –Freedom (Еркіндік). Басымдылық берілген осы құндылықтар мен қағидаттарға сүйеніп, KMF клиенттерге, қызметкерлерге және жалпы қоғамға пайда тигізу үшін қызмет атқаратын болады!

Миссия

Сіздің өркендеуіңіз үшін үздік микроқаржыландыру

Пайымы

Әлемдік микроқаржыландыру көшбасшысы

Міндеттері
Масштаб

Ауылдық аймақтарды қосқанда, бүкіл Қазақстан бойынша және одан тыс жерде сапалы қызметтерді қолжетімді ету және кіші, шағын және агробизнес өкілдерін барынша қамту  

Пайда

Қоғамға пайда әкелу, кәсіпкерлікті қолдау және пайда табу арқылы клиенттердің әл-ауқатын арттыру

Сапа

Микроқаржы қызметтері мәдениетін дамыта отырып, сапалы микроқаржы қызметтерін ұсыну және кері байланыс пен бағалау арқылы қызметтердің сапасын үнемі жақсарту

Қызметінің қағидалары:

Шешім қабылдаудағы инновациялық тәсіл және демократия

Біздің қағидаттар
Біздің қағидаттар

Адалдық, ашықтық, кәсібилік және қолжетімділік

Біздің сапа
Біздің сапа

Клиентке бағдар және сапалы қызмет көрсету

Біздің артықшылығымыз
Біздің артықшылығымыз

Қызметкерлерге деген қамқорлық