Райханова Қарлығаш Тілекқызы
Қарлығаш Райханова 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін KMF-тің Басқарушы директоры қызметінде. 2012 жылы Жалпы жиналыс шешімімен КМF Басқармасының құрамына мүше ретінде сайланды.
Райханова ханымның ағымдағы қызметтік міндеттемелеріне компания кредиторларымен әрекеттестік жатады және тәуекел-менеджменті саласына жетекшілік етеді.
Қаржы саласында 15-жылдық басқарушылық тәжірибесі бар. KMF-те 1998 жылдан бері түрлі лауазымдарда болды. Атап айтқанда, Талдықорған және Тараз филиалдарының менеджері қызметін атқарған, сондай-ақ Қазынашылық бөліміне басшылық еткен.
2013 жылы Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапатталды.
Қарлығаш Райханова 1992 жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу экономикалық институтын «Қаржыгер-экономист» мамандығы бойынша бітірді. Іскери басқару магистрі дәрежесі (МВА), Қазақстанның менеджмент, экономика және болжам институты (KIMEP).
Психологиямен айналысқанды, саяхаттауды ұнатады және бос уақытын жора-жолдастарымен өткізеді.