Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Әкімжанова Гүлшат Бостанқызы
Гүлшат Әкімжанова 2006 жылдан бері KMF-тің Басқарма мүшесі және 2008 жылдан Басқарма Төрағасының орынбасары болып табылады. Аймақты дамыту, өнімдер мен микроқаржыландыру бизнес-процесстерін дамыту, шағын бизнесті, маркетинг және әлеуметтік әсер ету, қызметкерлерді оқыту мәселелерінің саласына жетекшілік етеді.

Бұрын компанияда Кредиттік департаменттің директоры, Операционды директор, Шымкент және Алматы филиалдарының директоры лауазымында болды.

Әкімжанова ханымның қаржы саласында басшылық лауазымында үлкен өтілі бар.

Банк саласындағы жалпы жұмыс өтілі 22 жыл, олардың 17 жылдан астамы микроқаржыландыру саласында.

KMF-ке дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Талдықорған облыстық басқармасының Бөлім бастығы лауазымында болатын. KMF-тегі қызметін 1998 жылдан бері компанияның бас бухгалтері ретінде бастады.

Қазақстан кредиттеу қорының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет грамотасы» мен «Қор Ардагері» атағының иегері.

«Қазақтан кредиттеу қоры» Корпоративтік қорының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Дипломымен марапатталған.

2013 жылы Қазақстан Республикасының қаржы саласына қосқан үлесі үшін «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапатталды.

1982 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономист» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Тұрақты түрде кәсіби қаржыгерлер семинарларына қатысады, басқару және қаржы салаларында бірқатар сертификаттарға ие.

Бойжеткен екі қыздың анасы.

Хоббиі - жаяу жүру, жүзу, фитнес, сондай-ақ бос уақытында әдебиеттерді оқығанды ұнатады.
?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success