Заказать
звонок
X

Консультация

На данный момент рабочий день закончен, перезвоните позже или оставьте свое имя и телефон
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жүсіпов Шалқар Аманқосұлы
Шалқар Жүсіпов KMF Микроқаржылық ұйымына Басқарма Төрағасы ретінде 1998 жылдан бері басшылық етеді. Қазақстанның Микрокредиттік ұйымдары Ассоциациясын (ҚМКҰА) құруды ұсынған бастамашылардың бірі. 2004 жылдан бастап, ҚМКҰА Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымында.

Жүсіпов мырзаның банк саласы мен микроқаржыландыру нарығындағы тәжірибесі 20 жылдан астам уақыт. Қаржы, басқарма және көшбасшылық саласындағы түрлі сертификаттарға ие. Қазақстанның микроқаржы нарығының дамуына белсенді атсалысады. 2005 жылдан бері «Микрокредиттік ұйымдар туралы», «Микроқаржы ұйымдары туралы» ҚР Заңдарының әзірлену барысына және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға белсенділікпен ат салысты.

Шалқар Жүсіпов әр жылдары ТМД елдері бойынша микроқаржы қауымдастықтарының Халықаралық үйлестіру кеңесінің Төрағасы, Қазақстанның «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Президиумының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып қызмет атқарды.

Жүсіпов мырза көптеген мемлекеттік марапаттарға ие, сондай-ақ Қазақстан Халқы бірлігінің нығаюына қосқан үлесі үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген қаржыгер» қоғамдық орденімен марапатталған.

Жүсіпов Шалқар 1994 жылы Қазақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс Академиясын бітірген. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын 1997 жылы экономист біліктілігімен тәмамдады. KMF-ке дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің облыстық басқармасының аға экономисі, Бюджеттік Банктің Облыстық басқармасының жетекші ревизоры қызметінде болған.

Үйленген. Екі қыз тәрбиелеуде. Хоббиі – кітап оқу, футбол, жүзу.
?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success