Сапарбекова Күлсара Мүтәлиқызы
Күлсара Сапарбекова 2019 жылдан бастап Басқарма мүшесі және Басқарма Төрағасының орынбасары болып табылады.
KMF-тегі еңбек жолы 2000 жылы Шымкент филиалының бас бухгалтері қызметінен басталды. Сонан соң филиал директоры, аймақтық директор, аймақтық даму директоры, басқарушы директор лауазымдарында қызмет атқарды.
2013 жылы Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік қаржыгер» қоғамдық медалімен марапатталды. 2018 жылы «Еңбек сіңірген қаржыгер» медалін иеленді.
Кульсара Сапарбекова 1992 жылы Қазақ Мемлекеттік экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдады.