Заказать
звонок
X

Обратный звонок за 30 секунд

Не можете найти, что искали?
Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

Жду звонка 30:00 сек

Мы перезвоним Вам и ответим на любые Ваши вопросы!

KMF Isker Hanymy

Бүгінгі таңда Қазақстанда, ашық дереккөздерге сүйенсек, бизнестегі әйелдердің үлесі 50% құрайды, ал 10 жыл бұрын бар-жоғы 38% құраған болатын. Әйелдер ШОБ кәсіпорындарының 42% басқарады, олар 30% астам жұмыс орындарын құрған, ал елдің ЖІӨ қалыптастыруға қосқан үлесі 40% жетеді. KMF клиенттерінің 60% – бұл әйелдер. Сондықтан компания кәсіпкер әйелдерді бизнесті дамыту үшін қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ қаржылық емес қызметтерді, соның ішінде оларды тегін көрсетуді өзінің міндеті санайды.

KMF-те 2018 жылдан бастап барлық әйел клиенттер үшін қаржылық емес қызметтер кешенін беруді қамтитын Isker hanym бағдарламасы әрекет етеді:

  • Арнайы оқу шараларына, конференцияларға, басқа бизнесмендермен тәжірибе алмасуға қатысу.
  • Кәсіпкер әйелдердің қарым-қатынас жасау мен сарапшылардан білім алудың жаңа форматына - «Арулар кафесіне» қатысу.
  • Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік дағдылар бойынша тегін тренингтер. и предпринимательским навыкам.
  • Бейілділік бағдарламасына қатысу: кредит бойынша % мөлшерлемеде жеңілдік, сыйлықтар және т.б. алу.

Абубакирова Назира – Қызылорда облысынан шыққан кәсіпкер. 20 жасынан бастап ол отбасылық бизнеске – балабақшаға басшылық етеді. 2016 жылы ол балалардың дамуына жайлы жағдай жасау үшін балабақшаны күрделі жөндеуден өткізуге KMF-тен өзінің бірінші кредитін алып, кәсіпкерлік қызметін бастайды. «Осы екі жылдың ішінде мен қатты есейдім, өзіме және отбасылық бизнеске ғана емес, сондай-ақ балабақшамыздың 20 қызметкері мен барлық балалар үшін де жауапкершілік алуға тура келді. Өйткені сәбилердің қауіпсіздігі – ең басты мәселе. Өрт және санитарлық тексерулер жиі өткізіледі, біз бірде-бір кабельдің тиісті күйде болмауына жол бере алмаймыз. Бастапқыда ауыр болды, барлық мәселе дереу шешімін табуы керек, тіпті салықтарды да төрт әртүрлі инстанцияға төлеу қажет. Бірақ қазір мен біреуге жұмыс істемес едім. Кәсіпкерлік – менің қалауым», - деп қорытты ол. Бүгінде «Ақсерен» балабақшасында Қызылордадан бір сағат жердегі Шиелі кентінің 70 астам бала тәрбиеленуде. Мекемеде жасына қарай бөлінген үш топ бар. Балабақша 8:30-дан 18:00 дейін жұмыс істейді. Сәбилерге, сондай-ақ олардың ата-аналарына қолайлы болу үшін балаларды тасымалдау қызметі бар. Назира балалар мен олардың ата-аналарына жайлы жағдай жасауға тырысады, соның арқасында бизнес жүріп тұр.

Қызылордалық Айгүл Муханбетжанова бизнестегі алғашқы қадамын 1994 жылы бастаған болатын. Оның алғашқы кәсіпкерлік тәжірибесі балық сату болды, балықты ауылдан қалаға әкеліп, арбамен үй аралап сатқан болатын. Уақыт өте келе Айгүлдің дәмханалар мен дүкендер тарапынан көтерме сатып алушылары пайда бола бастады. 1997 жылы саудадан түскен ақшаға Айгүл балық базары жанындағы өзі жалдап келген учаскені сатып алады. Кейінірек кәсіпкер бұл жерде мамандандырылған балық дүкенін ашады, уақыт өте келе үлкен сауда үйіне айналады. Бизнестің дамуына қарай, Айгүл алдымен «УАЗ», кейін «КАМАЗ» көліктерін сатып алады. Осыдан кейін сауда жылдамырақ дами бастайды. Жаңа техникамен балықты көп көлемде сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Айгүлдің бизнесі қиындықтарға да тап келіп отырды. 2011 жылы балықшылар тауарды өткізуге бермей қойды. Көп сатушыларда қолма-қол айналым қаражаты болмай шықты. Осы кезеңде Айгүлге және оның әріптестеріне KMF микрокредиттері көмекке келеді. Қарыздың арқасында олар қолма-қол ақшаға балық сатып алып, тауар айналымын жоғарылатты.

Петропавлдық Асель Садвокасова ММУ-де 3-курста оқиды. Асель беделді оқу орнының студенті ғана емес, сондай-ақ 22 жастағы оның бутигі де бар. «Әйелдер киімімен алғашқы тәжірибемді 2016 жылы алдым, ол кезде колледжді аяқтаған соң әйелдер киімін сататын бутикте жұмыс істей бастаған болатынмын. Тек қана оң әсер алдым, өйткені нәзік жандылармен жұмыс істегенде мен өзімді қандай іске арнағым келетінін түсіндім – қыздарды әдемі қылу, оларға тамаша бейне беру», - деді Асель. Сауда саласы туралы білім мен тәжірибе жинақтап, бикеш кәсіпкерлікте өзінің дербес қадамдарын жасай бастады. «TopShop» деп аталатын бутик 2017 жылдың басында ашылды. Бастапқыда Асель сауда алаңын серіктес қызбен бөлісті, бірақ бизнесі дами келе кеңеюді шешті. Бұл үшін қосымша қаражаттар қажет болатын, оны кәсіпкер KMF-тен алды. Аселдің айтуынша, тауар сатып алуға және тауар айналымын толтыруға шұғыл ақша қажет болған қиын сәттерде KMF көмекке келіп отырған. Қазір ол өз бизнесін дамытуда. Асель дүкенінде берілген киімді Instagram@topshop_sko_odezhda парағынан көруге болады.

Астаналық Садықова Балдырған өте әдемі іспен айналысады – киім тігеді. Қазір оның бизнесі өте табысты. Балдырғанның айтуынша, ол бала кезінен тігін ательесін ашуды армандаған, өйткені шығармашылықты жақсы көрген. Ата-анасының қалауына қарамастан, өзінің табандылығының арқасында Балдырған кең бейінді технолог мамандығын алады. Сүйікті ісімен айналысқан Балдырған ықыласпен жұмыс істейді. Бұл оған үлкен клиенттік базаны қалыптастыруға көмектесті – адамдардың өздері дарынды тігіншіні іздеп келеді. Біртіндеп тапсырыс өте көп түседі, ал бірақ қуаттылығы мен шығыс материалдары жетіспейді. «Бизнесті кеңейтуге қаражат қажет болғанда маған KMF көмектесті. Қазір мен табысты кәсіпкермін, мерекелерді ұйымдастырушылармен жұмыс істеймін, оларға аниматорлардың киімдерін тігемін, өзімнің @atelier_asilai брендім бар, ұлттық киімдер тігу бойынша тендерлерге қатысамын. Бес жұмыс орнын құрдым және қызметкерлеріме оқу мүмкіндігін беремін. Таяу болашақта халықтың орташа буыны үшін қолжетімді заттар тігуді жоспарлап отырмын. Көрсеткен қолдауы үшін KMF-ке алғысымды білдіргім келеді».

Қызылорда облысының Шиелі ауданының тұрғыны Бейсенкүл Ералиева күріш өңдеумен айналысады. Бастапқыда кездейсоқ іс болып көрінген бизнесі 14 жылдан бері табыс әкеліп отыр. Кәсіпкерлігінің бастау жолында, 2000 жылдары Бейсенкүл теміржол компаниясының салық бөлімінде жұмыс істейді. Осы уақытта оған қарыз қаражаттарын үнемі қажет еткен күріш өндірушілер жиі хабарласумен болады. Әйел көктемде қарыз беріп, фермерлер егінін сатқан күз мезгілінде қайтарып алатын. 2003 жылы күрт өзгеріс болады. Бұл бір құрғақ маусым болатын деп еске алады Бейсенкүл. Фермерлер өте аз өнім алып, ақшасын қайтара алмайды, бірақ күрішпен төлеуді ұсынады. Олар Бейсенкүлге өңделмеген 10 тонна күріш береді, келісі ол кезде 30 теңгеден болатын. Әйел оны маусымның қызып тұрған сәтінде арзанға сатпауды шешеді де күрішті өңдеу бойынша цехтың құрылысын бастайды. Өйткені өңделген шикізатты екі есе қымбат сатуға болады. Бейсенкүл қолданыста болған жабдықты сатып алады, жұмысшылар жалдап, күрішті Қазақстанның түкпір-түкпірінен көтерме саудагерлерге тиімді бағамен сатады. Нақ сол сәтте ол жұмысын тастап, күріш өңдеу бойынша бизнеспен айналысуды шешеді. Бүгінде Бейсенкүл микрокредиттерді белсенділікпен алады, облыстың күріш өсірушілерімен ынтымақтасқан және жылына 1000 тоннаға дейін «Лидер» маркалы сатуға дайын күріш өндіреді.

Алматы облысы Қапшағай қаласының тұрғыны Валентина Кулишова өз кәсібінің нағыз жанкүйері. Міне, 35 жылдан бері ол алқапта көкөніс өсірумен айналысады. Валентина Ивановнаның пікірінше, әйел адам үйде де, түзде де басшы. Оның қоластында шамамен 10 адам жұмыс істейді. Еркектің күш-қуаты мен төзімділігі қажет жерде Валентина Ивановна жылы сөзбен және әрбір жеміске қамқорлық танытумен атқарып шығады. Соның арқасында, оның бизнесі көптеген жылдардан бері мол өнім беруде. «Біз бір орында отыра алмаймыз, бізге үнемі қозғалыс қажет. Жыл бойы, тіпті қыста да жұмыс істейміз! Өнімнің жартысын қоймаға саламыз, қыс мезгілінде сатамыз. Жылдың басында-ақ барлығын алдын ала жоспарлауды, смета құруды бастаймыз, өйткені негізгі кредитті ақпанда аламыз. Менде дақылдар көп, әрбір дақылдың өз шығысы бар. Кредитті тек алқаптағы жұмыстарға аламыз. Жеке қажеттіліктерге емес, бірдеңе сатып алуға немесе салуға емес, жоқ, тек алқаптағы жұмыстарға аламыз», - деп агрокәсіпкер өзінің тәжірибесімен бөлісті. Өнімді өткізу барысын Валентина Ивановна бүге-шігесіне дейін ойластырып, жолға қойған. Базарларда сатудан бөлек, ол көкөністерді Заречный жеміс консервілеу зауытына және ірі асханаларға өткізеді, сондай-ақ әрбір сенбі сайын Қапшағай базарындағы жәрмеңкеге шығады.

Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғыны Вера Кривко 1996 жылдан бері гүл сатып келеді. Ол гүл дүкеніндегі сатушыдан бастап жылдың суық мезгілінде бизнесін гүлмен қамтамасыз етіп отырған екі жылыжайдың және бутиктің иесіне дейін өсті. Вераның бизнесі біртіндеп дамыды, бірақ елеулі жағымды өзгерістер жасауға қаражаты жетпеді. Ол кредит рәсімдеу туралы ой кредит беруден бас тартады деген қорқыныш ұялатқанын айтты. Өйткені шағын бизнесі бар және өзіне жұмыс істеуші адамдарға ресми табыстардың және зейнетақылық аударымдардың болмауы себепті банктен қарыз алу қиынға соғады. «Біздің бизнесіміз өте тұрақсыз, тәуекелі көп: бір жылы бәрі жақсы болуы мүмкін, ал келесі жылы аяз болып, не болмаса гүлдерді бұршақ ұруы мүмкін. Бірақ менің танысым кредиттің ондай қорқынышты еместігін айтты. Ол да кәсіпкер, шағын киім дүкені бар. Сосын ойладым, оның ғой күйеуі жоқ, үш баласы бар, кредит алған, төлеп тастады, жұмыс істейді, демек, мен де төлей аламын», - дейді Вера Кривко. Вера KMF-тен үш жылдан бері кредит алып келеді. Микрокредиттеу мүмкіндіктері оған бизнесін кеңейтіп, дүкен жалдауға жол ашты. Енді Вера гүл ғана емес, сондай-ақ ойыншықтар, ашықхаттар және мерекелерге арналған басқа тауарлар да сатады. Орташа есеппен оның бір айдағы айналымы 300 000 теңгені құрайды. Вера Кривконың тәжірибесі гүл бизнесінің қатаң бизнес екенін көрсетеді. Бұл бизнесте табысты болу үшін шыдамдылық, күш-жігер және әртүрлі саладан көп білім қажет. Сауда алаңын жалдап отырған дүкенді сатып алып, әрі қарай гүлдерді өсіруді жалғастыру Вера Кривконың жоспарында бар.

Алматылық Жанар Байболова өзін үшінші буын қолөнер шебері деп атайды. Кәсіпкердің анасы мен әжесі де өмір бойына қол өнерімен айналысқан, бұл оның қызметін таңдауға тікелей әсер етті. Жанардың айтуынша, кәсіпкер нарықты ұзақ зерттеген, эксперимент жасаған, адамдардың қалай қабылдайтынын бақылаған. Бизнесін толыққанды іске қосу үшін әйел грант қаражаттарын тартып, серіктес табады. Барлық сөмкелердің сызба үлгісін Жанардың өзі жасайды. Кейде оған ТМД елдерінен кәсіпкерлер көмекке келеді, өйткені Қазақстанда сөмке тігудегі тәжірибесімен бөлісуге дайын мамандар аз. Janar Baybol шеберханасында айына 60-80 сөмке тігеді. Брендтің клиенттері қол жұмысын және сапаны бағалайтын әйелдер. Жаппай өндіріске қарағанда Жанардың hand-made басты артықшылықтарының бірі – әрбір тапсырыс берушіге жеке қатынас. Сатып алушылар кез келген бұйымның дизайнын белдіктің ұзындығынан қалталарының санына дейін өз қалауынша толықтыра алады. Жанар әйел кәсіпкерлігі ер адамдардың кәсіпкерлігінен аналық қатынасымен ерекшеленеді деп санайды, өйткені әйел өз кәсібін туған баласындай мәпелеп, аялайды және аяғына тұрғызуға ұмтылады. Janar Baybol трендінің барлық жұмыстарын сіздер Instagram: @janarbaybol парағынан көре аласыздар. Janar Baybol өнімі екі қазақстандық @qazaqoner.kz және @fashionparkkz шоурумда берілген.

Ляззат Мухамедалина - хореограф, биден сабақ беруші, Ақтөбедегі балалар би студиясының негізін салушы. Оның тарихы «Тәуекел түбі желқайық, мінесің де, өтесің» мақалының дұрыстығын дәлелдейді. 2001 жылы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын тәмамдайды. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң «Гүлдері» би ансамблінде жұмыс істейді. Бірақ баспана мәселесі және азын-аулақ жалақы жас маманды туған қаласына оралуға мәжбүрлейді. Ләззат орта мектепке хореографиядан сабақ беретін мұғалім болып орналасады, бірақ өзінің жобасы – балалар би мектебін ашуды армандайды. Декреттен шыққаннан кейін, 2006 жылы Ләззат облыстық драма театры базасында студия ашуға шешім қабылдайды. KMF-тен кредит алып, орынды жалдайды. Бүгінде «Самрук» би студиясы – қаладағы жетекші би мектептерінің бірі, онда төрт жастан бастап қыздар заманауи хореографияны үйренеді. Студияның ұжымын облыста өнер көрсетуге ұдайы шақырады, сондай-ақ балалар заманауи және ұлттық билер бойынша республикалық және халықаралық жарыстарға үнемі шығып тұрады.

Түркістандық Нигора Хаббибуллаева матрицалардың көмегімен ванна және раковина өндірумен айналысатын елдегі жалғыз кәсіпкер әйел. Өмір бойы ол базарда сауда жасады, бірақ өз ісін ашу әрдайым ойында болды. Бір нәрсе анық болатын, үш ұлы болғандықтан бизнес еркектің күшіне негізделуі тиіс. Жергілікті нарықты талдай келе олар бос тұрған саланы тапты – бұл сантехниканы құйып өндіру болатын. Жиналған капиталды Ресейдегі үздік шеберлерден оқуға салуға тура келді. Қазақстандық нарықта құю өндірісімен айналысатындар аз болғандықтан Нигораға Ресей, Түркия және басқа елдер арқылы шикізат материалдарын жеткізушілерді өзі іздеуіне тура келді. Қазір өндірістің бұл түрінің барлық қыр-сырын меңгерген соң бүкіл бизнес жолға қойылған, тек дамытуға және кеңейтуге салымдар қажет етеді. KMF-пен ынтымақтасқанның арқасында Нигораның өндірісі енді толыққанды өндіріске дейін өсті. Оның үстіне Алматыда өткен көрмеде Нигораның жұмыстары жоғары сапалы деп бағаланды. Барлық өндіріс қолмен атқарылатындықтан, бұл зауыттық жұмыстармен салыстырғанда үлкен артықшылық береді. Көрші елдерден импорттаушыларға қарағанда логистика Нигораның кәсіпорнына арзанырақ түсетіндіктен, өнім бағасы бойынша да, сапасы бойынша да тиімді ерекшеленеді.

Тараздық Светлана Маутанова он жылдан бері қалыңдықтарға жасау жинауға көмектесіп келеді. Кәсіпкер ұлттық нақышта көрпе тігетін бизнеске иелік етеді. Өз бұйымдарының дизайнын жасағанда ол заманауи ағымды ескеруді ұмытпай, бай мәдени мұраға ден қояды. Светлана бұл саладағы артықшылықтардың бірі – бизнесте маусымдылықтың болмауы дейді. Қыздар жыл мезгіліне тәуелсіз тұрмыс құруда. Сол себепті шеберхананың тігін машинасы ешқашан тоқтаған емес. Ұзынқұлақтың арқасында, тапсырыстар бүкіл Қазақстан бойынша түседі. Әсіресе, Батыс Қазақстаннан клиенттер жиі хабарласады. KMF берген кредиттік қаражаттарға тігін жабдықтары сатып алынды. Бүгінде Светлананың арсеналында адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін және өрнектің 300 түріне дейін сала алатын автоматты тігін мәшинесі бар. Соның арқасында өнімділік он есе артқан. Мысалы, мәшине бір кісілік көрпені бар-жоғы 20 минутта, ал екі кісілік көрпені 30 минуттың ішінде тігеді. Бұл аз уақытта көп тапсырыс орындауға көмектеседі. Светлананың бастапқыдағы шағын ісі кәсіби цехқа айналды, қазір ол жақсы табыс әкеліп, жұмыстан ләззат береді.

Алматы облысы Шелек ауылының тұрғыны Сымбат Ахмедова күйеуімен бірге сүт өнімдерінің, жартылай фабрикаттардың, десерттердің, торттар мен балмұздақтың көтерме саудасымен және оларды жеткізумен айналысады. Өз өнімін Сымбат таяу маңдағы барлық аудандарға жеткізіп отыр. Ұжымда жеті адам жұмыс істейді, оның үшеуі – сауда өкілдері, сонымен қатар үш жүргізуші және механик бар. «Біз бұрын жолдасым екеуіміз барлығымен өзіміз айналысатынбыз. Әрбір тиын есепте болатын» - деп бөлісті Сымбат. KMF-пен ынтымақтасқан он бір жылдан кейін Сымбат бейілділік бағдарламасы бойынша төрт жұлдызға ие, бұл оған кредит бойынша мөлшерлеменің 4% жеңілдігін береді. «KMF микрокредиттерінің арқасында мен бизнесімнің көкжиегін кеңейтудемін, айналымды ұлғайтып отырмын» - деп тұжырымдады кәсіпкер. Жақында 20 млн. теңге көлемінде KMF-тен кредит алып, кәсіпкер балмұздақтың бір түрінен алуан түрлі сүт өнімдеріне, торттарға, жартылай фабрикаттарға және тауыққа дейін тауарлық ассортиментін кеңейтті.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success