Әлеуметтік рейтинг

Дүниежүзілік банк тобымен сертификатталған «MicroFinanza Rating» Халықаралық рейтинг компаниясы - CGAP бағалауы бойынша «KMF» МҚҰ компаниясының тарихында екінші рет микрокредиттік ұйымдар мен банктер арасындағы қызметіндегі халықаралық әлеуметтік рейтингін бағалап, 2017 жылдың 17 қаңтарында «А+» бағасын берді. Бұл жоғары бағалау әлеуметтік ықпалды басқарудың және клиенттерді қорғау жүйесінің үздік екендігін көрсетеді, ол әлеуметтік миссияның қол жетімділігінің көрінісі.

2015 жылдың наурыз айында КМF компаниясы «А» рейтингіне ие болған болатын, аталмыш әлеуметтік рейтинг компания қызметінің әлеуметтік көрсеткіштері туралы сараптамалық қорытындыны сонымен қатар тек Орталық Азия аумағында ғана емес, дүниежүзі бойынша микроқаржылық ұйымдармен (МҚҰ) бағалау нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік рейтинг компанияның әлеуметтік жауапкершілігін нығайту үшін маңызды рөл атқарады, сондай-ақ, микроқаржыландыру нарығында ашықтық пен тиімділікті арттырады.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success