cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі

KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі
Жаңалықтар
KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты. Агенттік бөлген сома әйелдерге тиесілі кәсіпорындарды қоса алғанда, жеке секторды қаржыландыруға бағытталады.

KMF мамандарының айтуынша, бұл инвестиция микробизнес үшін қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуға, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда микро және шағын бизнестің үлесі компания портфелінің 90%-дан астамын құрайды. Бұл ретте 40%-ға жуығы ауыл шаруашылығының үлесінде. Сондықтан, JICA қаражаты агросекторды қолдауға да бағытталады.

- KMF алғаш рет JICA-мен меморандумға қол қойды, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған Ұйымның мақсаттары мен миссиясы бізге жақын. Бұл нақты секторды қолдау, бизнес климатын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. JICA-дан қорландыру ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер беретін және олардың экономикалық өсуіне ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталатын болады, - деп атап өтті KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

KMF 1997 жылдан бері микробизнесті қолдайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, қаржыландыру көлемі 211 млрд теңгеден асты, ал клиенттер саны 260 мыңға жетті. KMF-тің ауқымды филиалдық желісі тіпті ең шалғай елдімекендерде де микрокредиттерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

JICA сарапшылары микро-, шағын және орта кәсіпкерліктің (МШОК) Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл ЖІӨ-нің шамамен 34%-ын және жұмыс орындарының 44%-ын құрайды. JICA жобасы KMF арқылы қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтіп, Қазақстанның МШОК және тұрақты экономикалық дамуын ілгерілетуге жәрдемдесуге бағытталған, осылайша: гендерлік теңдік, лайықты жұмыс және экономикалық өсу, тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікті қамтитын Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін болады.
KMF - Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. 1997 жылдан бастап жұмыс істейді, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстан бойынша 17 филиалы және 120 бөлімшесі бар.
Тағы оқыңыз
news
Жаңалықтар
24.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер! Орал қаласындағы бөлімшеміз 24 сәуірден бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
16.04.2024
Орал қаласындағы клиенттердің назарына!
Құрметті клиенттер, су басу жағдайларына байланысты KMF бөлімшесі 17-23 сәуір күндері жабық болатынын хабарлаймыз!
Толығырақ
news
Жаңалықтар
10.04.2024
Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге қолдау
Толығырақ
news
Жаңалықтар
27.03.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,

Техникалық жұмыстарға байланысты 27 наурыз сағат 22.00-ден 28 наурыз сағат 01.00-ге дейін 7474 желісі қолжетімсіз болады.
Кеңес алу...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.03.2024
7474 байланыс орталығы қайтадан іске қосылды
Уақытша болған ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз
Толығырақ
news
Жаңалықтар
28.02.2024
Техникалық жұмыстар
Құрметті клиенттер,
Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты 29 ақпан сағат 22.30-дан 1 наурыз сағат 00.00-ге дейін (жаңа уақыт бойынша) KMF-тің...
Толығырақ
news
Жаңалықтар
05.12.2023
Талдықорғандық кәсіпкер әйел су жаңа автокөлік ұтып алды
Кәсібін нөлден бастап, үлкен жетістікке жеткен бизнес иелері еліміздің түкпір-түкпірінде кездеседі
Толығырақ
news
Жаңалықтар
02.10.2023
KMF қымбатты достарға құнды жүлделер табыс етеді!
KMF топтық микроқаржыландыруға қатысушы клиенттеріне бағалы сыйлықтар мен жағымды бонустар сыйлайды.
Толығырақ
news
Жаңалықтар
04.09.2023
Өнімдер тізбесіндегі өзгерістер

Сүйікті клиенттер!

Бізде өнімдер тізбесі мен микрокредиттердің атаулары жаңарды.
Толығырақ