20 Қазан 2017 ЕҚДБ «Бизнестегі арулар» бағдарламасы
2016 жылдың маусым айынан бастап КМФ ЕҚДБ «Бизнестегі арулар» бағдарламасына қатысады. ЕҚДБ және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржыландырылатын «Бизнестегі арулар» бағдарламасы әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпорындарға қаржыландыру, ноу-хау, коучинг және тәлімгерлік қызметтер ұсынады.
3,8 млрд. теңгені құрайтын алғашқы кредит KMF-ке әрқайсысы 1,88 млрд. теңгеден екі траншпен берілді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ осы кредит бойынша кепілгер болды. Кәсіпкер әйелдерге 9 798 кредит берілді.
Бір жылдан соң «Бизнестегі арулар» бағдарламасын 2 млрд. теңге сомасына қаржыландыруды жалғастыру туралы келісімге қол қойылды.
КМФ-те кредиттер стандартты шарттарда аталмыш бағдарлама аясында келесі талаптар орындалған жағдайда беріледі:
1. Кәсіпкер әйел бизнесті өзі басқаруы немесе оны иеленуі қажет.
2. Кредиттің мақсаты: бизнесті дамыту үшін. Тұтынушылық мақсаттарға кредит берілмейді.
Қаржылық қолдау – бағдарламаның басты мақсаты емес. ЕҚДБ кәсіпкер әйелдермен жұмыс істейтін жергілікті қаржылық институттарға техникалық көмек көрсетеді.
«Бизнестегі арулар» бағдарламасының аясында келесі қаржылық емес қызметтер көрсетіледі:
1. Тәлімгерлік. Тәлімгерлік бағдарламасының мақсаты – орта және ұзақ мерзімді келешекте бизнесті дамыту үшін сенімділікті нығайту және әлеуетін арттыру мақсатында әйелдер басқаратын кәсіпорындарға қолдау көрсету. Кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдердің сол өңірдегі немесе одан тыс бизнес көшбасшыларымен кездесулері тәжірибемен алмасуға, сонымен қатар менеджмент, көшбасшылық және жеке ықпал саласындағы дағдылар мен қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді.
2. Өз ісін дамыту бойынша кәсіби кеңестер. Банк консалтингке жұмсалатын шығындардың 70% дейін өтейді.
3. Келесі тақырыптар бойынша ақылы тренингтер: Маркетингтегі сандық технологиялар, Іс-әрекеттегі көшбасшылық, Қаржылық менеджменттің көзі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы шешімдер, Кәсіпкерден кәсіпорынға дейін.
4. «Менің бизнесім сандармен», «Көшбасшы әйел» тегін семинарлары.
5. Коучинг.
6. Өз бизнесіңе тегін диагностика жүргізу мүмкіндігі (Бизнес линзаның онлайн құралы). Толығырақ сайтта: www.ebrdwomeninbusiness.com
Егер Сіз кәсіпкер әйел болсаңыз, сондай-ақ семинарлардың біріне қатысқыңыз келсе, КМФ-тің Колл-орталығына 7474 нөміріне хабарласыңыз, ақылы семинарларға тіркелгіңіз келсе, ЕҚДБ Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы аймақтық кеңселерінің нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success