cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Тілеш Намазбеков

Тілеш Намазбеков 1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Көркемсурет графика» факультетін бітіріп, Алматыдан Талдықорған қаласына өнер пәнінен мұғалім боп келген. Содан бері осы қалада тұрады. Ұзтаздықпен қатар қазақ ұлттық музыка аспаптарын жасайды. Атадан балаға мирас боп қалған ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау үлкен шеберлікті қажет етеді. Осы қиын да жауапты іспен айналысып келе жатқан ол бүгінде кәсібін жолға қойған, өз шеберханасы да бар. 

Қолөнер бұйымдарын жасауға деген қызығушылық оны 1991 жылы қазақ ұлттық музыка аспаптарын жасайтын «Махамбет» кооперативіне алып келді. Бұл іске әбден машықтанып, қолы үйренген соң 1997 жылы жеке шеберханасын ашып, өз алдына кәсіп бастады. Бұл қолөнер бұйымдарына сұраныс артып тұрған кез болатын. 

«KMF 1997 жылы Талдықорған қаласында жұмысын бастаған болатын. Мен – KMF микроқаржы ұйымының алғашқы клиенттерінің бірімін. Міне, 25 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Алғашында 100-500 доллар аралығында несие алып жүрдім. Ол кез қиын уақыт болатын. Талдықорған облысы жабылып, орталық Алматы қаласына ауысқан. Сондай кезде осы KMF-тің көп септігі тиді. Әрине алған қаржы кәсібімді дамытуға әркез көмектесіп тұрды. Мысалы, алғаш ашылған жылдары шамамызға қарай несиені аз көлемде алып отырдық. Кейінгі кезде ғимаратты жалға алу, жақсы станоктар, құрал-саймандар алу үшін қомақты қаражат ала бастадық. Біз үшін мұндай ауқымды жұмысты несие алмай іске асыру мүмкін емес еді», – дейді Тілеш Рымжанұлы.

«Өзім тәуекелшіл адаммын. Қандай іс бастасам да нар тәуекел деп кірісіп кетемін. Несиені алғанда оны жарату жағын күні бұрын ойластырамыз. Жасайтын бұйымдарымызды алдын ала жартылай фабрикат етіп дайындап, сұранысқа қарай жасап беріп отырамыз. Үлкен сенімге ие болғаннан кейін несиені қорықпай ала беруімізге талай мүмкіндіктер болды. Сондықтан оны алғаннан кейін алғашқы тауарлар өткен кезде төлем жасауға қойып қою, кейінгі өткен тауарлармен әрі қарай жұмыстарымызды жүргізу керегін балаларыма үнемі түсіндіріп отырамын. Несие алғанда оны қалай жұмсау, заттарыңды қалай сатып үлгерудің өзіндік құпиясы бар. Осы жағына мән беріп, жұмысты әдемі үйлестіре білсең, несие алу – өте тиімді әдіс», – дейді шебер.
«KMF-пен 25 жыл біргемін»