cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Кутлимурад Шерметов

Шерметов Кутлимурад Балташұлы - Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылының тумасы. Ол 1997 жылы берілген жерден өз үлесін алып, егіншілікті бастаған. Дихан көпшілік несие дегенді түсінбеген шақта тәуекелге бел буып, өз ісімді жалғастырып кеттім дейді. 

Диханның айтуынша, егіс алқабында қарбыз, қауын, қызанақ та бар. Жоңышқа мен бидайды алмастырып екпесе, ауру пайда болатын көрінеді. Бұл тиісінше айтарлықтай шығынға алып келеді.

«Баланы дүниеге әкеліп өсіру үшін қанша еңбек керек? Бұл жұмысқа одан да көп еңбек қажет. Дәл бала сияқты үнемі ауырады. Күндіз ыстық, түнде суық. Түрлі ауруы бар», - дейді кәсіпкер.

Ауылды ғана емес, Қазақстанның бірнеше өңірін, көрші мемлекеттерді қажетті өніммен қамтамасыз етіп отырған дихан KMF-тен алғаш рет 2005 жылы 100 мың теңге алған.

«100 мың, 500 мың, 1 млн теңге алған кезім де болды. Ауыл шаруашылығына ақша көп қажет, көрінбейтін шығындар өте көп болады. Оны көпшілік біле бермейді»,- дейді Шерметов.

Кәсіпкер қарбызды Ресейге, Солтүстік Қазақстан облысына сатады. Ал қызанақтар Қазақстанның түрлі өңіріне жіберіледі, жүк көлігімен Ресейге алып кететіндер де бар.

«Жерге күтім керек, тоздырсаң қайта қалпына келтіре алмайсың. Жер мені бақсын деген адам бірінші жерді өзі бағуы керек. Жерге азық беруі тиіс. Сонда ғана ол сені бағады. Жер ұрпақтан ұрпаққа қалады, жердің жаманы болмайды. Ал бос тұрған соң тозады, арамшөп басады»,-  дейді ол.

Осы тұста кәсіпкер KMF компаниясының қаржыдан қиналған сәтте еш қиындықсыз көмектесетінін алға тартты.

«Шаруада үнемі ақша бола бермейді. Күтпеген жағдайларға кезігіп қалуы мүмкін. Бәрі тек адамға байланысты емес, ауа райы мен экологияның әсері көп. Осындай сәтте KMF бізге қол ұшын береді. Соңғы 17 жыл бойы тұрақты клиенті болып келемін. Кей кезде миллиондаған ақша алып, уақытылы қайтарып отырамыз. KMF ұйымының артықшылығы кепіл сұрамайтынында. Біреуден қарыз сұрамаймыз, бірден KMF-ке барамыз»,- деп ағынан жарылды дихан.


Кутлимурад Балташұлы мал шаруашылығымен де айналысады, қорасында қазір 50 шақты ірі қара бар. Ал тауда бір отар қой мен 150-200-ге жуық сиыр жайылып жүр. Мал шаруашылығын мықтап қолға алған маман етті базарға сатып, Өзбекстанға жібереді. Негізінен Түркістан, Қызылорда облысына жөнелтіледі. Ал жылына 100 бастай ірі қара сатылымға шығады.

«25 жыл бойы KMF көп адамға көмектесті деп ойлаймын. 50 жылда да осылай клиенттері көп бола берсін. Мен алдағы уақытта да бұл ұйыммен жұмыс істеуге әзірмін. Қаржы деген бизнестің тамырындағы қан десем де артық айтқаным емес, қаржысыз іс жүрмейді», - дейді ол.

«17 жыл бойы тұрақты клиентімін және бола беремін!»