cancel
KMF МҚҰ
KMF МҚҰ қосымшасында ашу
Жүктеу

Гүлнара Бижанова

Гүлнара Бижанова – бірнеше адамға жұмыс беріп, бизнестің бірнеше түрін басқарып отырған кәсіпкер. Өз ісін бәліш пісірумен бастаған ол Жамбыл облысында дүниеге келіп, Алматы облысындағы Кеген ауылында мектепті тәмамдаған. 

«1983 жылы мектеп бітіріп, кеңестік сауда оқу орнына сырттай бөлімге түстім. Кейін дәмхана, асхана, мейрамханаларда жұмыс істеп, 2000 жылдары өз бизнесімді аштым. 2001 жылы Алматыдағы «Жібек жолы» базарындағы асхананың бірінің алдына бір үстелді қойып, күніне 500 теңге төлеп, сол орынды жалдадым. Ол үстелдің үстін бәлішке толтыратынмын.

Ол кездері күніне 100 бәліш жасап, сататынмын. Сонда күніне 500 теңге түссе, соның 250 теңгесіне ұн, майымды, қалған 250 теңгеге балаларыма азық-түлік алатынмын. Таңғы сағат үште ұйқыдан тұрып, нан ашытып, өзім пісіріп, өзім сатушы едім. Сөйтіп жүріп дүңгіршек сатып алдым, сол кездегі бағасы 15 мың теңге еді. Сол керек 15 мың теңгемді KMF-тен алдым және ол менің алғашқы несием болатын. Кәсібім дами берді, шайхана да аштым», - дейді кәсіпкер.

Гүлнара Бижанова қазіргі таңда төрт жұмыс орнын ашып отыр. Сонымен қатар, шай сататын 15 қыз бар көрінеді. Олар бәліштерді базардағы асхана, дүкендерге таратады. Кәсібінің арқасында балаларын оқытып, баспана тұрғызған Гүлнара Бижанова бүгінге дейін KMF-тен 40 рет микрокредит алыпты.

«Несиені алып бастағанда балаларымның бірі үшінші, екіншісі бесінші сыныпта оқыды, жер де өте қымбат болатын. KMF-тің көмегімен кәсібімді жүргізіп, қаржылай қолдауының арқасында сол кездері 150 мың теңгеге Қаскелеңнен жатақхананың бір бөлмесін алған едім. Кейін жер телімін де сатып алдық. Мұның барлығы KMF-пен бірге дамып келе жатқан кәсібімнің арқасы. Дәл қазір шайханам, асханам, техникалық қызмет көрсету станциям, қаланың бірнеше жерінде самса сататын сауда орындарым бар», - дейді ол.

Жиырма жылдан аса уақыт ішінде бизнесін дамыту үшін тек KMF компаниясын таңдаған кәсіпкер мұның құпиясын айтты.

«Басқа қаржы ұйымдарымен салыстырғанда KMF – берекелі. Неге екенін білмеймін, бірақ бұл ұйымнан алған ақшаң тек жақсылыққа жұмсалады. Төлем жасайтын күн тақалғанда да жан-жақтағы қарыздарың өзінен өзі жиналып, қиналмай төлеймін. KMF-тің бізге көп көмегі тиді, тиіп те келеді. Несие сарапшымыз болған қыз-жігіттер де баламыз сияқты көз алдымызда өсіп келеді. Бұрын несиені әр алты айда алатынмын. Себебі жоспарым бойынша әр жарты жылда бір үлкен жұмысымды бітіретінмін. Осы уақытқа дейін 40 рет несие алған болсам оның әр тиыны есептеліп, жоспарланып, мақсатты жұмсалды. Бүгінгі нәтижем де соның арқасы – бірнеше баспана, бірнеше көлік, тағысын тағы. Әрине мұның барлығын несиесіз де алуға болатын еді, бірақ жоқ, біз  берекелі KMF-тің берекелі қаржысын алып, ісімізді дамытып, сол еңбектің жемісін жеп келеміз», - дейді Гүлнара Жақсылыққызы.

«KMF-тің қаржысы берекелі»