Қарыз алушының жадынамасы

Құрметті клиенттер!
Кредитті рәсімдеу барысында шарттарды мұқият оқып шығыңыз!
Нақтылаңыз:
  • Пайыздық мөлшерлемесін

  • Сомасын

  • Мерзімін

  • Комиссияларды және басқа шығыстарды

  • Мерзімнен бұрын өтеу мүмкіндігін

Есте сақтаңыз:
  • Шарт - заңды құжат

  • Құқықтар мен міндеттер

  • Құпия сақтау

  • Кредит сомасы

  • Процентік мөлшерлеме

Көз жеткізіңіз:
  • Ақпарат анық

  • Сұрақтар қойыңыз

Шарт:
  • 2 тілді данада

  • Көрсетілген:

    • Толық атауы

    • Заңды мекенжайы

    • Деректемелері

    • Компанияның уәкілетті тұлғасы

Қосымша:
  • Берілген күні

  • Қолдану мерзімі

  • Толем жүргізу күндері

  • Әр төлемнің сомасы

  • Әр төлемнің %

  • Бір төлемнің негізгі сомасы

  • Негізгі соманың қалдығы

  • Барлық пайыздардың сомасы

  • Барлық төлемдердің сомасы

Қаржы қауіпсіздігінің ережесі

  • Барлық төлемдер КМФ кассаларында (терминалдар немесе банк арқылы) ғана, тіпті клиент мерзімінен бұрын төлеуді жүргізгісі келген жағдайларда да, жүргізіледі. Ақша қаражатын компанияның қызметкерлеріне беруге (қалдыруға) тыйым салынған.

  • KMF делдалдарсыз жұмыс істейді. Белгілі бір сыйақыға кредитті ресімдеп беруді ұсынатын тұлғалардың компанияның қызметіне ешқандай қатысы жоқ.

  • KMF-тің кредиттік бөлімінің қызметкерлері клиенттерге компанияның кеңсесінде немесе клиенттің жұмыс орнында тегін кеңес береді. Егер сіз белгілі бір төлемақы немесе қызмет үшін кредитті ресімдеп беруді ұсынатын тұлғаларды кездестірсеңіз Сенім телефон бойынша қоңырау шалуды немесе басқадай әдіспен хабарлауыңызды өтінеміз.

  • Қаржы мәселелерінде бейғам болмаңыз. Есіңізде болсын, ешкім де сізді кредитті алуға мәжбүрлей алмайды, сондықтан таныстарыңыздың немесе достарыңыздың олар үшін кредит алу туралы өтінішіне көнбеңіз. Есіңізде болсын, микрокредиттік шарт кімнің атына ресімделсе сол кредиттік міндеттемелерді атқарады және сіз кредитті сіздің алмағаныңызды дәлелдей алмайсыз.

  • Кредитті алған кезде ақшаны кассадан ұзамай тұрып санап алу қажет. KMF-те қажет болған кезде клиент кассирмен қайта салыстырып тексеріп және қолына алған соманың (шарт бойынша кредиттің сомасы, клиентке алдын-ала белгілі, кредиттің берілгені үшін комиссияның сомасын шегеру арқылы) толықтығына көз жеткізе алады. Беруге дейін клиентте ешқандай басқа шығындар болмауы керек.

  • KMF-тің саясаты қызметкерлерге клиенттерден ақшалай қаражатты немесе басқа да материалдық игіліктерді немесе қызметтерді қарызға алуына тыйым салады. Сондықтан бұндай әрекетке қарсы батыл шара қолданып және бұндай жағдайлардың туындауына мүмкіндік туғызбауды өтінеміз. Назар аударыңыз! Есіңізде болсын, компанияның қызметкерлеріне ешқандай ақша қаражатын беруге болмайды, бұл қаржылық тәртіпті бұзу, сіз де және төлемді қабылдаған компанияның қызметкері де жауап беретін боласыздар!

Қаржы терминдері

Пайыздық мөлшерлеме – кредитті алушы оны пайдаланғаны үшін белгілі бір кезеңнің есебінде (ай, тоқсан, жыл) төлейтін, кредиттің сомасында пайыздық көрсеткішпен көрсетілген сома.

Жылдық пайыздық мөлшерлеме – бұл кредитті пайдаланғаны үшін 1 жылға есептелген пайыздық мөлшерлеме.

Тиімді пайыздық мөлшерлеме кредиттің нақты құнын анықтайды. Яғни кредит бойынша пайыздық мөлшерлемеден өзге ол оған қызмет көрсету жөніндегі барлық бірге болатын шығындарды да (комиссияларды) есепке алады. Сондықтан ол жылдық пайыздық мөлшерлемеден өзгеше болуы мүмкін.

Нақтылы пайыздық мөлшерлеме - құнсызданудың түзетуінсіз пайыздық мөлшерлеме.

Комиссия - банк кредитті берудің сәтінде клиенттен алатын сома (қарызды бергені үшін, шотқа қызмет көрсеткені үшін, өтінімді қарағаны үшін). Комиссияның мөлшері және атауы нақты қаржы компаниясына байланысты болады.

Өтеу кестесі Құжат, онда келесілер көрсетіледі: ай сайынғы төлемдердің көлемі; ай сайынғы төлемдердің ұсынылатын мерзімдері; қарыз алушыға кредитті уақытында қайтаруы үшін қажетті басқа да мәліметтер.

Ай сайынғы төлем Қарыз алушы шарт бойынша кредиттік берешегін өтеу үшін әр ай сайын төлеуге міндетті сома. Ай сайынғы төлемдерді есептеудің әдісінің 2 түрі болуы мүмкін, оны клиент өзі таңдай алады.

Аннуитетті төлемдердің әдісі (негізгі қарыздың азайып отыратын қалдығына), онда микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі қарыз бойынша көбейіп отыратын төлемдерді және негізгі қарыздың қалдығының кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайып отыратын төлемдерді қамтитын, микрокредиттің барлық мерзімі бойына тең төлемдермен жүзеге асады.

Сараланған төлемдердің әдісі (негізгі қарыздың тең үлестері), онда микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі қарыз бойынша төлемдердің тең сомалары мен қарыздың қалдығының кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайып отыратын төлемдермен жүзеге асады.

Кепілдік бұл белгілі бір тұлғаның ақшалай немесе заттай міндеттемелерді орындағаны үшін кепілгерлігі, қабылдаған міндеттемелердің орындалуы үшін жауапкершіліктің түрі.

Кепілзат - белгілі бір материалдық құндылықтар, оларды қарыз алушы кредиторға өзінің борышқорлық міндеттемелерінің кепілдігі ретінде береді.

Кепілзаттық құн - кредитті қамтамасыз ететін мүліктің (кепілзаттың) нарықтық құны. Көбіне кредиттің ең жоғары сомасы соған байланысты болады.

Кредиттік бюро бұл кредитті алуға талаптанған заңды және жеке тұлғалардың қызметінің оңды және теріс жақтары туралы ақпаратты жинаумен және таратумен айналысатын мамандандырылған ұйым. Сіздің алған барлық кредиттеріңіз туралы ақпаратты осы кредиттік бюродан алуға болады (сіздің келісіміңізбен).

Мерзімін кешіктіру – негізгі қарыз және/немесе кредитті пайдаланғаны үшін жоспарлы пайыздар бойынша мерзімінде өтелмеген берешек.

Өсімақы – төлемдердің мерзімін кешіктірген (өтеу кестесін бұзған) жағдайда төленетін белгілі бір ақшаның сомасы.

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу – кредитті кредиттің мерзімінен бұрын өтеу. Пайыздар бұл жағдайда мерзімінен бұрын өтеудің күні бойынша қайта есептептеледі.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success