Сұрақ - жауап

Если у Вас есть вопрос или жалоба, вы можете обратиться к нам, заполнив форму

Ең алдымен, KMF-те микрокредитті толық мерзімінен бұрын, не ішінара мерзімінен бұрын өтеу айыппұл ықпалшараларынсыз жүргізілетінін еске саламыз. Әлбетте, клиент үшін бұл пайыздар бойынша недәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер Сіз несиені бергенге дейін өтеу кестесі бойынша ұсынылғаннан көп төлеуге дайынмын деп есептесеңіз, онда несие сарапшылары Сізге басқа - өтеу мерзімі аз өтеу кестесін ұсынады. Егер Сіз бізден несиені алған болсаңыз, бірақ қолданыстағы өтеу кестесінен көп төлегіңіз келсе, онда Сізде несиелендірудің шартын қайта қарауға - не несиенің барлық қалған мерзіміне, не кестеден жоғары бір реттік өтеуге мүмкіндігіңіз болады.
Несиені жеке куәлік бойынша емес, төлқұжат бойынша алуға болады ма?

KMF 10 10 2017

«Микрокредиттерді ұсыну жөніндегі нұсқауға» сай несие жеке куәлік бойынша да, төлқұжат бойынша да беріледі.

10 10 2017

Маған 2 500 000 миллион теңге көлемінде несие керек. Мен Қарағанды облысының Шахтинск қ-да музыкалық аспаптарды сататын дүкен ашқым келеді. Маған қандай құжаттарды жинау керек және кепілге қандай да бір кепілзатты ұсынуым қажет пе?

KMF 10 10 2017

Ия, Сіз мұндай несиені несие желісінің шеңберінде ала аласыз.
Қарыз алушыға несие желісінің бір мәртелік келісім-шартқа қарағанда өз артықшылықтары бар – бұл қаржыны кажет кезде алу арқасында қаражатты үнемдеу, және әр жеке несиелік келісім-шарттың қорытындысына байланысты үстеме шығысты және уақытты үнемдеу мүмкіндігі.
KMF-те жаңартылмалы және жаңартылмайтын несие желісінің екі түрі болады.
Жаңартылмалы желісі – қарыз лимиті бар несие желісі, бұл желіде негізгі соманы өтеу есебімен бірнеше рет қаражатты алу және қолдану мүмкін.
Жаңартылмайтын желісі – бекітілген лимит шеңберінде берілетін лимиті бар несие желісі.

10 10 2017

Мен Сіздердің ұйымнан несие алып жүргеніме шамамен 4 жыл болды. Келесі несиені мамыр айында аламын. Тұрақты клиенттер үшін пайыздар бойынша қандай да бір жеңілдіктер бар ма?

KMF 10 10 2017

Біз ұзақ мерзімді әріптестігімізді бағалаймыз және мақтан тұтамыз. Біздің құрмет және сенім білдіруіміздің белгісі ретінде біз, 2 жылдан артық уақыт бойы бізбен жұмыс істеп келе жатқан клиенттер енді «KMF» МКҰ-да несиелерді неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемелер бойынша ала алатынын қуана хабарлаймыз.

  • несиелендірудің өтілі қоса алғанда 2 жылдан 5 жылға дейін – сыйақының мөлшерлемесін қолданыстағы мөлшерлемеден 1%-ға төмендету;
  • несиелендірудің өтілі қоса алғанда 5 жылдан 7 жылға дейін – сыйақының мөлшерлемесін қолданыстағы мөлшерлемеден 2%-ға төмендету;
  • несиелендірудің өтілі қоса алғанда 7 жылдан 9 жылға дейін – сыйақының мөлшерлемесін қолданыстағы мөлшерлемеден 3%-ға төмендету;
  • несиелендірудің өтілі қоса алғанда 9 жылдан 10 жылға дейін – сыйақының мөлшерлемесін қолданыстағы мөлшерлемеден 4%-ға төмендету;
  • несиелендірудің өтілі қоса алғанда 10 жылдан 11 жылға дейін – сыйақының мөлшерлемесін қолданыстағы мөлшерлемеден 5%-ға төмендету;
  • несиелендірудің өтілі қоса алғанда 11 жылдан 13 жылға дейін – сыйақының мөлшерлемесін қолданыстағы мөлшерлемеден 8%-ға төмендету;
  • несиелендірудің өтілі 13 жылдан жоғары – сыйақының мөлшерлемесін қолданыстағы мөлшерлемеден 10%-ға төмендету.

10 10 2017

Мен бұрыннан бері KMF-тен кредит аламын, байыпты клиенті болып табыламын. Бір соманы бір жылға дейінгі мерзімге тұрақты түрде алып отырамын. Және үнемі, кредитті әрбір жаңа берудің кезінде, кепілзат шартын ХҚО-да тіркетуім керек. Маған кредитті жылжымайтын мүлікті тіркетпей алуыма бола ма – мен уақытында өтеп отырамын және өз беделімді бағалаймын.

KMF 10 10 2017

Жылжымайтын мүлікті кепілдікке ұсыну мәміле болып табылады. Заңнама бойынша жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Тіркеусіз олардың күші жоқ және мұндай жағдайда кепілзат шартының ешқандайда заңи күші болмайды. Балама ретінде біз Сізге кредиттік желіні ресімдеуді ұсына аламыз. Негізгі артықшылықтарының бірі, Сіз кепілзаттық қамтамасыз етуді бар болғаны бір рет қана тіркетесіз, мысалы, 36 айға (3 жыл), және осы мерзімге, кепілзаттық қамтамасыз етуді тіркеу үшін қосымша уақытыңызды жұмсамай және материалдық шығындалмай кредит ала аласыз.

10 10 2017

Несиені қандай мақсаттарға алуға болады?

KMF 10 10 2017

Несиелерді көп мақсатты, құрамдастыра пайдалану көзделген:

  • бизнесті дамытуға (сауда, өндіріс, қызметтер көрсету);
  • жылжымайтын мүлікті (тұрғын үй және коммерциялық) сатып алуға, құрылысына, жөндеуге және қалпына келтіруге;
  • көлік құралдарын сатып алуға (жеке пайдалану үшін және коммерциялық мақсаттарда);
  • ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне (мал шаруашылығында: ірі қара және ұсақ малды сатып алуға және оларды бордақылауға, шошқа өсіру, сүт және сүт өнімдерін өндіруге, құсты сатып алуға және өсіруге, пішен және жемшөпті дайындауға немесе сатып алуға, омарташылық, балық өсіру; егін шаруашылығында: ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге, дәндерді және органикалық тыңайтқыштарды сатып алуға, жерді өңдеу қызметтерінің ақысын төлеуге, шаруашылықта пайдалану үшін құрал-саймандарды сатып алуға, жылыжайлар мен көшетханаларға, көкөніс шаруашылығына, бау шаруашылығына жабдықтарды, аспаптарды және материалдарды сатып алуға);
  • тұтынушылық мақсаттарға: оқуға, емделуге, жөндеу, медициналық қызметтер, жиһазды, тұрмыстық техниканы сатып алу және т.б.;
  • салтанатты іс-шараларды өткізу үшін.

10 10 2017

Несие бойынша төлемді айына, калькулятор есептегеннен артық төлеуге бола ма, және бұл пайызға қалай әсер етеді?

KMF 10 10 2017

Біз несиелерді кеплзатсыз, бірақ шағын сомаларға ұсынамыз. Сіздің сомаңыз бұл лимитке кірмейді. Сіз бізден несиені ресімдеуіңіз үшін (сомасына қарамастан), Сіздің тұрақты табыс көзіңіз болуы керек. Бұл анықтамамен расталған жалақыдан алатын табыс, не қолданыстағы бизнестен түсетін табыс та болуы мүмкін. Яғни кепілзаттық қамтамасыз ету емес, табыс көзінің болуы бізден несиені алу үшін ең маңызды фактор болып табылады. Жеке үй, пәтер кепілзаттың нысаны бола алады. Осы жылжымайтын мүліктің меншік иесі (не Сіз, не үшінші тұлға) кепілзат беруші болуы керек.

Айтыңызшы, егер мен Павлодар облысының Ақсу қаласында тұратын болсам мен сіздердің Павлодар қ. филиалдан несиені ресімдей аламын ба.

Әрине, Сіз Ақсу қ. филиалға (Павлодар қ. филиалдың бөлімшесі) өтінім бере аласыз. Сіздің өтініміңізді мақұлдау немесе бас тарту жөніндегі түпкілікті шешім Сіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты. Бұл үшін біздің несие сарапшыдарымыз Сіздің жұмыс (бизнес) орныңызға, біздің несиелендіруіміздің барлық шарттарын түсіндіру және сіздің төлем қабілеттілігіңізді тексеру үшін келеді.
Маған 2000 000 теңге несие сомасы қажет. Алайда мен бұл несиені құрылыс жұмыстарына алып жатқандықтан маған барлық соманың бәрі бірден керек емес. Несиені бір рет ресімдеп, кейін оны шағын сомамен айына 300 000 теңгеден бөліп алу мүмкіндігім бар ма?

10 10 2017

Менің жұмыс істеп тұрған бизнесім бар, 2010 жылы таза пайда шамамен 7 000 000 миллион теңгені құрады. Негізі құрал-жабдық баланстық құнына сәйкес 3 000 000 теңге. Айтыңызшы, сіздерден 7 500 000 теңге көлемінде несиені алуыма болады ма?

KMF 10 10 2017

Иә, Сіз, «Бизнес» несие өнімінің кейбір шарттарын сақтаған кезде, бізден осы сомадағы несиені ала аласыз, сіздің мәлімдеген сомаңыз осыған жатады: егер Сіздің бизнесті жүргізу жөніндегі бір жылдан кем болмайтын кәсіпкерлік тәжірибеңіз болса, басқа қаржы ұйымдарында ашық мерзімі өткен берешектеріңіз болмаса, және Сіздің төлем қабілеттілігіңіз несиенің мәлімделген сомасына сәйкес келетін болса. Жылжымайтын мүлік не жылжымайтын мүлікпен құрамдастырылған кепілдік кепілзаттық қамтамасыз ету болады. Сіздің бизнесіңізді бағалауды, сондай-ақ кепілзаттық қамтамасыз етуді бағалауды біздің несие маманымыз тегін жүргізеді.

10 10 2017

Несиені ресімдеу кезінде жасқа байланысты шектеу бар ма және сіздерде кепілзатсыз несиелер көзделген бе?

KMF 10 10 2017

Шектеу бар - қарызгердің жасы 19 жастан асқан және іс-әрекетке қабілетті болуы керек. Жастың жоғары болуына байланысты біздің компаниямызда шектеу жоқ. Иә, бізде топтық кепілзатсыз несие берудің бағдарламасы бар. Топқа 3-тен 10 адамға дейін кіре алады («ДОС» өнімінде - 2 адам. Топтың қатысушыларының кез келген табыс көзі ескерілген, яғни, клиент бизнеспен, топтың басқа мүшесі ауыл шаруашылығымен айналысатын немесе жай кеңсенің қызметкері болуы мүмкін. Топтың мүшелерінің бір-бірімен жақсы байланыста болуын ескере келе, бұл адамдардың жұмыс орны, бизнес орны немесе тұратын орны бір-бірінен алыста болмағаны дұрыс. Бірге алғаш рет өтінім берген кезде, сомалар бойынша, сіз 250000 теңгеден аспайтын сомаға несиені ала аласыз, қайталама өтінім жасаған кезде сома артады. Мерзімі - 12 айға дейін.

10 10 2017

Айтыңызшы, KMF-тегі оңды несие тарихына қол жеткізген, шығып кеткен клиент неге сатылық тәртібін сақтауы (яғни бірінші деңгейден бастауы) керек?

KMF 10 10 2017

Біздің ұйымда несиелендіруін уақытша тоқтата тұрған немесе Бағдарламадан шығып кеткен клиенттер үшін ереже бар. Егер қарызгер 6 айға дейінгі мерзімнің ішінде уақытша несиені алмаса, онда қажет болған кезде ол несиені сатылық тәртібіне сай (яғни несиенің келесі сомасын) алуға құқығы бар. Егер несиені алмаған мерзімдегі алшақтық 6 айдан асатын болса, онда несиені алуды қалпына келтіру соңғы алған несиенің сомасынан аспайтын сомада жүзеге асады. Егер несиені алмаған мерзімдегі алшақтық 12 айдан асатын болса, онда несиені алуды қалпына келтіру бірінші деңгейден басталады (300 000 теңге). Бұл осынша ұзақ мерзімнің ішінде клиенттің бизнесінің ерекшелігін өзгертуі мүмкін болуына байланысты. Егер топтық несиелендірудегі несиені алмаған мерзімдегі алшақтық 12 айдан асатын, және клиент басқа өнімдерде белсенді болса, онда филиалдың Несие комитетінің шешімі бойынша сатылық тәртібіне сай несие беруді жалғастыруға рұқсат беріледі.

10 10 2017
?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success