Микрокредиттер беру қағидалары

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 1.1. «KMF (ҚМФ)» Микроқаржылық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – KMF) Микрокредиттер берудің осы Қағидаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірлеген.
  • 1.2. Осы Қағидалар KMF-тегі Микрокредиттер берудің тәртібін, шарттарын, негізгі қағидаларын белгілейді.
  • 1.3. KMF-тің қарыз алушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар бола алады.
  • 1.4. KMF жеке және топтық (топ мүшелерінің ортақ жауапкершілігіне) кредиттік өнімдерін ұсынады
  • 1.5. KMF микрокредитті 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте және көлемде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен береді.
2. МИКРОКРЕДИТТЕРДІ БЕРУДІҢ ШЕКТІ СОМАСЫ МЕН МЕРЗІМІ
  • 2.1. KMF Микрокредиттерді бір қарыз алушыға сегіз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде береді.
  • 2.2. Микрокредиттерді берудің ең жоғарғы мерзімі – қоса алғанда 60 айға дейін.
3. БЕРІЛЕТІН МИКРОКРЕДИТТЕРДІ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН СЫЙАҚЫНЫҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
  • 3.1. .Ұсынылатын Микрокредиттер бойынша сыйақының атаулы мөлшерлемесінің шекті шамалары:
    - ең төменгі мөлшерлеме - жылдық 15 %.
    - ең жоғарғы мөлшерлеме - жылдық 56%.
  • 3.2. Сондай-ақ, KMF-тің клиенттері үшін осы баптың 3.1 тармағында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінен айтарлықтай төмендетіп берілетін бейілділік бағдарламасы қолданылады.
  • 3.3. Микрокредиттің сомасы мен кредиттік өнімге қарай сыйақы мөлшерлемесінде айырмашылық болады. Микрокредитті беру туралы әрбір шартта Микрокредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі мен және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі көрсетілген.
4. БЕРІЛГЕН МИКРОКРЕДИТТЕР БОЙЫНША СЫЙАҚЫЛАРДЫҢ ТӨЛЕНУ ТӘРТІБІ
  • 4.1. .Қарыз алушы Микрокредитті пайдаланғаны үшін микрокредитті беру туралы шартта белгіленген көлемде және мерзімде сыйақы төлейді.
  • 4.2. Берілген Микрокредитті пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесі Микрокредиттің беру мерзіміне қарамастан, бір жылдық қайта есептеуде көрсетіледі.
  • 4.3. Кредит бойынша сыйақы кредитті нақты пайдаланған күнін ескере отырып есептеледі және 360 күн мен 30 күндік айға тең келетін күнтізбелік жыл негізінде есептеп шығарылады
  • 4.4. .Қарыз алушының Микрокредитті пайдаланғаны үшін сыйақыны төлеуі, Микрокредитті беру туралы шартқа қосымша берілетін өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асады
?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success