KMF Туралы

  • Компания туралы
  • Тарих
  • Миссия
  • Басшылық
KMF қызмет аткару кезінде Орталық Азиядағы микроқаржылық сектордың көшбасшыларының бірі болды. Бүгінде «KMF» МҚК - Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым.

Компания клиенттерімен өзара сенім білдіруге, түсіністік пен құрметке негізделген ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды құруға бағыт ұстанған. «KMF» МҚҰ клиенттеріне келесі қызметтің түрлеріне жеке және топтық несиелерді ұсынады:

  • бизнес

  • мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы

  • тауар өндірісі

  • қызмет көрсету

  • тұтынушылық несиелендіру

KMF-тің негізгі көрсеткіштері 2017 жылдың

филиалдар

кеңселер

клиентер

млрд тг

Берілген кредиттердің жалпы сомасы

  1. 1997
    "Қазақстандық Несиелендіру Қоры "

    1996 жылы америкалық халықаралық даму жөніндегі USAID агенттігі Қазақстанға микрокредиттеу жобасын енгізуге тендер жариялады. Бұл тендерді үкіметтік емес ұйым ACDI/VOCA жеңіп алып, нәтижесінде «Қазақстанның Кредиттеу Қоры» КҚ құрылтайшысы болды. Сөйтіп, ККҚ «KMF» микроқаржылық ұйымының құрылтайшысы атанды.

    1997 жылы 20 қарашада Талдықорғанда қаланың кәсіпкерлеріне алғашқы несиелер берілді.

    Қызметкерлердің үйлесімді жұмысы және Республикамыздың жағдайларына сәтімен бейімделген Талдықорған қаласындағы жобаға үлкен табысқа жетуді қамтамасыз етті. Қор географиялық шекараларын кеңейте және қызмет көрсететін клиенттердің санын арттыра отырып ұлғая берді.

  2. 2006
    «Қазақстанның Несиелендіру Қоры» Микрокредиттік Ұйымына айналды

    2006 жылы Қазақстанның Несиелендіру Қоры бейкоммерциялық ұйым болып қала отырып, «Қазақстанның Несиелендіру Қоры» Микрокредиттік Ұйымына айналып өзінің мәртебесін өзгертті.

    1997 ж. және 2007 ж. аралығында компания ҚР ірі қалаларында 8 филиалын ашты. Әр филиалда ауылдық бөлімшелер жұмыс істей бастады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығында дами отырып, ұйым клиентке бағыт ұстанған тұрақты және ашық шағын қаржы ұйымының мәртебесін нығайта түсті.

    2006 ж. соңында Қор «KazMicroFinance» (KMF) МКҰ» ЖШС коммерциялық еншілес ұйымын құрды. Қазақстанның Несиелендіру Қорының барлық клиенттері мен қызметкерлері жаңа ұйымға ауыстырылды. Қазақстанның Несиелендіру Қорының құқықтық мирасқоры болып табыла отырып, KMF компаниясы ҚНҚ ның жетістіктерін көбейте отырып, Орта азиялық аймақтың шағын қаржы нарығының жетекшілерінің қатарындағы орнын сақтауда.

  3. 2007
    Қамту аймағын кеңейту

    Компания «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-мен ақпаратты ұсыну және несиелік есептемелерді алу туралы шартқа қол қойды.
    USAID «KazMicroFinance» МКҰ-ны ҚР-ғы экономика саласындағы үздік ұйым деп танып және «Тиімді басқаруы және шағын кәсіпкерлер үшін қаржы қызметтеріне қол жеткізуін кеңейтудегі жетекшілігі үшін» наградасымен марапаттады.
    «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы компанияның сыртқы да, сондай-ақ ішкі де ресімдеуінде қысқа «KMF» логосына ауысуын аяқтады.
    2007 ж. мен 2009 жылдар аралығындағы кезеңді қоса алғанда, компания бүкіл Қазақстан бойынша 23 бөлімшесін ашып, сол арқылы Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің географиялық қатысуын кеңейтті.

  4. 2009
    Қысқа «KMF» лого

    2007 ж. мен 2009 жылдар аралығындағы кезеңді қоса алғанда, компания бүкіл Қазақстан бойынша 23 бөлімшесін ашып, сол арқылы Қазақстан Республикасының аумағындағы өзінің географиялық қатысуын кеңейтті.

    USAID «KazMicroFinance» МКҰ-ны ҚР-ғы экономика саласындағы үздік ұйым деп танып және «Тиімді басқаруы және шағын кәсіпкерлер үшін қаржы қызметтеріне қол жеткізуін кеңейтудегі жетекшілігі үшін» наградасымен марапаттады.

    «KazMicroFinance» микрокредиттік ұйымы компанияның сыртқы да, сондай-ақ ішкі де ресімдеуінде қысқа «KMF» логосына ауысуын аяқтады.

  5. 2012
    KMF-тің 15 жылдығы

    2012 жыл Компания үшін айтулы жыл болды – бізге ашылған күнімізден бастап 15 жыл толды. 2012 жылдың қараша айында KMF-тің несие қоржыны кезекті рекордтық көрсеткішке – 12 миллиард теңгеге жетті.
    15 жыл атқарған жұмысы кезінде KMF 104 миллиардтан астам теңгенің сомасына 559 721 несиені берді. Осы жылдар ішіндегі несие қаражаттарының 80%-дан астамы бизнесті дамытуға бағытталды.

  6. 2014
    Халықаралық инвесторларды тарту

    2014 жыл KMF үшін негізгі қызметінде, сонымен қатар орын алған маңызды оқиғалар бойынша ең табысты жылдардың бірі болды. Кредиттік қоржын жыл басынан жартысынан көп мәнге өсті (+55,8%) – 17.970 млрд. теңгеден 28.001 млрд. теңгеге дейін. Кредиттік қоржынның аталған сомасының жартысынан астамы ауылдық жерде тұратын клиенттерге тиесілі екендігін атап өту қажет. Белсенді клиенттердің саны үштен бір бөлікке өсіп, 128 756 адамды құрады.
    Бұдан өзге, 2014 жылы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған компания жобасының шеңберінде Қазақстанның 40 000 астам тұрғыны білім алды.

    2014 жылдың 6 қарашасында KMF Triodos Investment Management (Нидерланды) және responsAbility Investments AG (Швейцария) халықаралық инвесторларының өкілдерімен капиталға инвестициялар тарту туралы мәміле жасап, халықаралық қатысуға ие компанияға айналды.

  7. 2015
    МҚҰ болып қайта тіркелу

    2015 жылдың қорытындылары бойынша KMF «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС деректері бойынша берілген микрокредиттердің жалпы сомасы бойынша микрокредиттеу нарығының 76% қамтыған. 2015 жылдың қорытындылары бойынша KMF-тің белсенді клиенттерінің саны 151 903 адамға ұлғайды, ал кредиттік қоржын 34,7 млрд. теңгеге жетті. ranking.kz. талдамалы порталының деректері бойынша KMF кредиттік қоржынның мөлшері бойынша Қазақстандағы, ал белсенді клиенттердің саны бойынша Орталық Азиядағы ең ірі микроқаржылық ұйым болып табылады.
    2015 жылдың қаңтарында KMF микрокредиттік ұйымы (МКҰ) KMF микроқаржылық ұйымы болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

    2015 жылдың ақпан айында компания ҚР Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтіп, микроқаржылық ұйымдардың тізіліміне енгізілді.

    KMF Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты байқауының аясында ең үздік қайырымдылық ұйымы ретінде мойындалды.

    2015 жылы тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру жобасының аясында 70 000 астам адам қаржылық сауаттылық бойынша білім алды. Дәл осы жылы Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы іске қосылды.

    Наурыз айында «MicroFinanza Rating» халықаралық рейтингтік компаниясы «KMF» МҚҰ қызметіне әлеуметтік рейтингтік бағалау жүргізіп, компания «А» бағасына лайықты деп танылды.

    2015 жылдың сәуір айында «KMF» МҚҰ Smart Campaign бастамасымен өткізілген клиенттерді қорғау қағидаттары бойынша сертификаттаудан өтті. Сертификаттаудан өту үшін МҚҰ Smart Campaign барлық 95 көрсеткішіне жауап беруі қажет, оларға сәйкестік МҚҰ-ның клиенттерді қорғаудың барлық 7 қағидатын орындауын қамтамасыз етеді және оларды күнделікті тәжірибеге ендіреді.

  8. 2016
    Дамыту саласындағы ынтымақтастық

    2016 жылдың қорытындысы бойынша KMF клиенттерінің саны 180 адамға жетіп, кредиттік қоржын 50 млрд. теңгеден артып отыр.
    Сонымен қатар Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша 3.8 млрд. теңге көлемінде қарыз алу туралы келісім жасалды.

  9. 2017
    Алғаш рет бірлестірілген кредит алынды

    KMF микроқаржылық ұйымы шетелдік инвесторлардан алғаш рет бірлестірілген кредит алды. KMF микроқаржылық ұйымы және Дүниежүзілік банк тобының мүшесі – Халықаралық қаржылық корпорация (IFC) арасында $44 млн. көлеміндегі бірлестірілген кредит туралы келісімге қол қойылды. Шетелдік инвесторлардың құрамына микроқаржылық нарықтың жетекші қаржылық компаниялары кіреді:  Microvest (АҚШ), Bank im Bistum (Германия), Incofin (Бельгия), Symbiotics (Швейцария).  
    Сонымен қатар Компания кіші, шағын және орта бизнесті кредиттеу, сондай-ақ «Бизнестегі арулар» жобасы шеңберінде кредиттеу үшін ЕҚДБ-дан 3,5 млрд. теңге көлемінде қарыз алды.  
    Компанияның кредиттік қоржыны 80 млрд. теңгеден асты, ал қарыз алушылардың саны 200 мыңдық межені бағындырды.  

Миссиясы

Біз сапалы микроқаржылық қызметтерді қол жетімді қылу арқылы кіші, шағын және агробизнес өкілдерінің әл-ауқатының артуына ықпал етеміз.

Мақсаты
  • Орталық Азияда жетекші орынға ие Қазақстанның Микроқаржылық Банкіне айналу

  • Қоғамның әл-ауқатын жақсарту

  • Кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету

  • Сапалы шағын қаржы қызметтерін ұсыну

Қызметінің қағидалары:
  • Адалдық, ашықтық және қол жетімділік

  • Клиентке бағыт ұстану

  • Жаңартпашыл әдіс және кәсіпқойлық

  • Клиенттер мен қызметкерлердің қамын ойлау

  • Сапалы қызмет көрсету

  • Шешімдерді қабылдаудағы демократияшылдық

Құндылықтары:
  • Клиентер

  • Қызметкерлер

  • Әлеуметтік жауапкершілік

  • Корпоративтік мәдениет пен Ұжұмдық рух


Басқарма

Басқарма - бұл компанияның ағымдағы қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Басқарма Төрағадан, оның орынбасарларынан тұрады.

Қадағалаушы кеңес

Қадағалаушы кеңес - компанияның алқалы атқарушы органы – Басқарманың қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган.

?>Сұрақ қою
Резюме жіберу
resume
success